ҚазҰУ халықаралық байланысын нығайтуда

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде университет ректоры, басқарма төрағасы Жансейіт Түймебаев пен Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың атқарушы директоры Карина Ангелиеваның кездесуі өтті.
Талқылау барысында ғылыми ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен жобаларды қаржыландыру және серіктестікті нығайту мәселелері көтерілді. Кездесуге ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінің деканы Досжан Нұрсұлтан да қатысып, математика және механика саласындағы ғылыми зерттеулердің маңыздылығын атап өтіп, факультеттің орталықпен белсенді әрекеттесуге дайын екенін білдірді.
Жансейіт Түймебаев Карина Ангелиеваны қызметке тағайындалуымен құттықтап, ғылыми саладағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде қонақ жылы қабылдауға ризашылығын білдіріп, бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы жоспарларын айтып, естелік сыйлықтармен алмасты.
Басқа жаңалықтар

