Сапа менеджменті жүйесінің инспекциялық аудитіFarabi University

Сапа менеджменті жүйесінің инспекциялық аудиті

12 наурыз, 2025

2025 жылғы 12 наурызда инспекциялық аудит жоспары бойынша "әл-Фараби атындағы ҚазҰУ" КЕАҚ физика-техникалық факультеті басшылығының аудитор Е. П. Родионовамен кездесуі өтті.

Теплофизика және техникалық физика кафедрасының меңгерушісі, ф.-м.ғ. д., профессор С. А. Болегенова кафедраның жұмысы және оның даму жоспарларымен таныстырды. "6В07501-Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)" білім беру бағдарламасын әзірлеушілермен және үйлестірушілермен құндылық құру процестері, бакалаврларды даярлау жөніндегі қызметті жоспарлау аспектілері және сапаны басқару жүйесінің процестері талқыланды.

Аудитор Е. П. Родионова "QS Azia Sertik" ЖШС кафедра филиалының базасындағы зертханалар, факультеттің дәріс аудиториялары және М. М. Әбділдин атындағы мұражайдың жұмысымен танысты.