«Сапалы білім алу – үйренуден басталады»Farabi University

«Сапалы білім алу – үйренуден басталады»

10 наурыз, 2025

2025 жылы 10 наурызда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Түркітану және тіл теориясы кафедрасының п.ғ.к., қауымдастырылған профессоры Е.П. Келдибаевна, аға оқытушы Д.А. Маратхановнаның жетекшілігімен филология факультетінің «8D01705 – Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 1-курс докторанттарының ұйымдастыруымен ғылыми-педагогикалық практика аясында (ТДМ бағыты) «Сапалы білім алу – үйренуден басталады» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Ашық тәрбие сағатына «6В01730 – Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 1-2 курс студенттері және докторанттары аса қызығушылықпен белсене қатысты. Іс-шараның басты мақсаты: Білім алушылардың сапалы білім алу дағдылары мен шеберліктерін жетілдіру, үйренуді үйренудің табысты техникалары мен ақпаратты есте сақтауды арттырудың жолдарымен таныстыру. Тәрбие іс-шара аясында білім алушыларды сапалы білім алуға ынталандыру, тиімді оқу дағдыларын қалыптастыру және үздіксіз өзін-өзі дамытуға бағыттаудың маңызы мен әсер етуші факторлары, оқу үдерісін дұрыс ұйымдастыру дағдыларын қалыптастырудың өзектілігі талқыланды. Шара барысында тәжірибелі тәлімгерлер мен білікті мамандар өз пікірлерін бөлісіп, сұрақтарға жауап берді.

Талқылаулар мен ойындардан кейін іс-шара соңында қатысушылармен Қазақстанның білім беру саласындағы мүмкіндіктері мен ресурстары туралы сауалнама жүргізілді. Тәрбие сағаты барысында қазіргі таңда білім алу тек жеке тұлғаның болашағы үшін ғана емес, сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуымен прогрессивті өсімін қамтамасыз ету үшін де аса маңызды екендігі атап өтілді. Әрбір салада жоғары білікті мамандар мен үздік жас кадрлар қалыптастыру елдің тұрақты даму процесі мен бәсекеге қабілеттілігінің негізін құрайды. Осы себепті сапалы білім алу – бұл жеке адамның ғана емес, тұтас қоғамның әлеуметтік, экономикалық және мәдени тұрғыдан жетілуіне қосқан үлесі болып табылады. Бұл тәрбие сағаты білім алушыларды оқу үдерісін саналы түрде ұйымдастыруға, өзін-өзі дамытуға және болашаққа сенімді қадам жасауға өз үлесін тигізді деген сенімдеміз.