L'Orientale Неаполь (Италия) университетімен академиялық алмасу
13 наурыз, 2025

ТМД «Тұрақты даму үшін серіктестік», «Сапалы білім беру» тармақтары аясында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы L'Orientale Неаполь (Италия) университетімен академиялық алмасу бойынша аталған университеттің магистранты Анна Пассари (Anna Passari) арабтану бөлімінде араб тілінен дәрістер алуда. Магистрант Анна Пассари кафедраның Абулфутух Юнус Сабри (ЕАР Білім министрлігі Ғылыми зерттеулер академиясы) және Амани Махмуд Ибраһим (ЕАР әл-Азһар университеті Зерттеулер академиясы) сынды шақырылған профессорларының дәрістеріне қатысып, тәжірибе жинақтауда. Магистранттың академиялық ұтқырлық бойынша оқу мерзімі көктемгі семестр бойы жалғасады. Семестр соңында араб тілінен емтихан тапсырып, арнайы сертификат табысталады.
Басқа жаңалықтар

1 сәуір, 2025

31 наурыз, 2025