Кибер қылмыс және оның салдарыFarabi University

Кибер қылмыс және оның салдары

21 ақпан, 2025

      Киберқылмыс – еліміздегі алаяқтықтың ең көп тараған түріне айналды. Интернет кеңістіктегі қызмет көрсету аясы кеңіген сайын бұл қылмыстың түрі де қарқын алып, айла-тәсілі де түрленіп келеді. Бұл процес білім алушылардың арасында да кеңінен етек алып, оларға қарқынды әсер етіп жатыр.

      «Біз ұрпақ тәрбиесіне баса мән беріп, жастарды жақсылыққа жетелеуіміз керек деген ұранмен ақпанның 21 жұлдызында, География және табиғатты пайдалану факултеті, Картография және геоинформатика кафедрасының ұйымдастыруымен «Кибер қылмыс және оның салдары» атты тақырыпта  Алматы қаласы полиция департаменті кибер қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы аға жедел уәкіл полиция капитаны Ауезханов Ғ. Т., аға жедел уәкіл полиция аға лейтененты Рақымғали Б. Б. және Бостандық ауданы полиция бөлім бастығынын орынбасары полиция капитаны Имангазиев Д. Ж. студенттермен кездесу өткізіп, түсіндірме жұмысын жүргізіп, студенттердің ойларында жүрген сұрақтарына жауап берді.