Тұрақты даму мақсаты «Сапалы білім» аясындағы іс-шара

Тұрақты даму мақсаты «Сапалы білім» аясында 2025 жылдың 6 наурыз күні № 4 студенттер үйінде «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» атты іс шара өткізілді. Эдвайзер У.К. Кожахметова 1 курс студенттерімен өткізген жиын барасында тәрбиесіз берілген білімнің адамзатқа әкелер зияны туралы түсіндірді. Себебі білім алдыңғы орынға шығып, тәрбие кейіндеу қалып қоятын болса, мұның арты адамның толыққанды тұлға болып қалыптасуына айтарлықтай кері әсерін тигізері хақ.
Білім – қарапайым тілмен айтқанда, белгілі бір ақпараттар жиынтығы, санаға сіңіп, ойда қалады. Ал тәрбие адамның күллі жан-дүниесіне әсер етіп, тұлғалық қасиеттерін, қоғамның өзін, елдің тірегін қалыптастырады. Тәрбиемен бармақтай болса да берілген білімнің қоғам үшін өлшеусіз қазына болып оралатыны да сөзсіз.
Басқа жаңалықтар

