Халықаралық қатынастар факультетінің студенттері Тұрақты Даму бойынша викторина мен "Тұрақты даму мақсаттарының 7-ші мақсаты (ТДМ 7)" дебат өткіздіFarabi University

Халықаралық қатынастар факультетінің студенттері Тұрақты Даму бойынша викторина мен "Тұрақты даму мақсаттарының 7-ші мақсаты (ТДМ 7)" дебат өткізді

14 наурыз, 2025

13 наурыз 2025 ж. Халықаралық қатынастар факультетінің ағылшын бөлімінің 3-ші курс студенттері 17 Тұрақты даму мақсаттары бойынша викторина өткізді, ол оқушылар білімін бағалауына ықпалын тигізіп және жаңа ақпарат көзі ретінде қызмет етті, келесі кезеңнің негізін салып, тұрақты даму тәжірибелерін тереңірек зерттеуге жол ашты.

Іс-шараның екінші кезеңінде Қазақстан мен Орталық Азия өңіріне ерекше басымдық беріліп, 7-ші Тұрақты даму мақсаты — арзан әрі таза энергияға қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселесіне арналған құрылымды дебаттар мен мазмұнды пікірталастар өтті. Студенттер жасыл экономикаға ұмтылуда кездесетін айтарлықтай кедергілер мен мүмкіндіктерді талқылап, ескірген инфрақұрылым, қазбалы байлықтарға тәуелділік және қаржылық шектеулер сияқты прогреске кедергі келтіретін мәселелерді сыни тұрғыдан қарастырды. Сондай-ақ, олар Қазақстандағы жаңартылатын энергия секторының даму әлеуетін атап өтіп, инновациялық шешімдерді ұсынды, бұл шығармашылық және жақсы ақпараттандырылған тәсілдің жүйелік кедергілерді жеңуде қаншалықты маңызды екенін дәлелдеді.

Диалог тұрақты даму саласындағы амбициялы мақсаттар мен қазіргі саясат арасындағы алшақтықты шынайы түрде көрсетті. Бұл пікірталас тұрақты дамуды ілгерілету үшін сыни талқылаудың рөлін атап көрсетті.

Пікірталас тек білім беру платформасы ғана емес, сонымен бірге академиялық қауымдастық пен саясаткерлерге әрекетке шақыру болып, нақты прогресс жағдайды сыни тұрғыдан бағалауды және болашақ ұрпақты тұрақты болашаққа бағытталған трансформацияға белсенді түрде атсалысуын талап ететінін дәлелдеді.

Іс-шара эдвайзер сағаты аясында өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: студенттер – Андреева Ариана, Талғар Айша.

Жауапты оқытушы-эдвайзер: Деловарова Лейла Федоровна.