- Басты бет
- Жаңалықтар
- 14 Наурыз Амал мерекесі – География және табиғатты пайдалану факультетінде өткізілген іс-шара
14 Наурыз Амал мерекесі – География және табиғатты пайдалану факультетінде өткізілген іс-шара

14 наурыз күні География және табиғатты пайдалану факультетінде Наурыз мейрамына орай «Амал» мерекесіне арналған іс-шара өткізілді. Іс-шараның ашылу салтанатында география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының профессоры, құрметті ұстаз Темирбеков А.T. өз сөзін айтып, студенттер мен оқытушыларды бұл ерекше мерекемен құттықтады. Ол өзінің ізгі тілегінде жаңа жылдың жақсылық әкеліп, әрбір жанға бақыт, тыныштық және молшылық тілегенін жеткізді.
Мереке барысында факультет ұжымы мен студенттері ұлттық дәстүрлерді сақтай отырып, Наурыз мейрамының маңызын, оның адамзат өміріндегі рөлін, сондай-ақ, табиғатпен үйлесімді өмір сүрудің құндылығын атап өтті. Іс-шарада қазақтың салт-дәстүрлері мен ырымдары жайында қызықты әңгімелер, көріністер мен ән-жырлар айтылды.
Бұл іс-шара факультет студенттері мен оқытушылар арасында достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ, Наурыздың құндылықтарын кеңінен танытуға зор үлес қосып, ерекше әсер қалдырды.
Басқа жаңалықтар

