ТДМ 17. Тұрақты даму үшін серіктестік және ТДМ 4. Сапалы білім беруFarabi University

ТДМ 17. Тұрақты даму үшін серіктестік және ТДМ 4. Сапалы білім беру

14 наурыз, 2025

Әл - Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті теориялық және ядролық физика кафедрасы "8D05306-Физика" БББ 2-курс PhD докторанты: Шыңғысхан Нұркамал 2025 жылдың 05 ақпанынан 2025 жылдың 08 Наурыз аралығында Италияның Пескара қаласындағы (ICRANet, Пескара, Италия) Релятивистік астрофизика желісінің халықаралық орталығында Астрофизика ғылымдарының Пофессоры ICRANet директоры: Римо Руффини жетекшілігімен ғылыми тағылымдамадан өтті. Докторанттардың ғылыми тағылымдамадан өтуі академиялық ұтқырлықты, сондай-ақ ICRANet және ҚазҰУ-дың тәжірибелері мен мүдделеріне қатысты білім беру және/немесе ғылыми-зерттеу қызметін дамытуды қамтитын Ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде жүзеге асырылады.

Докторанттың ғылыми тағылымдаман өту барысында өзінің диссертациялық тақырыбына қажетті материалдарды жинап, өңдеп зерттеді. Ол "ICRANet" зерттеу орталығының Директоры профессор Римо Руффинидың жетекшілігімен Гаммажарқылдарға қатысты ғылымый мақалалрды оқып талқылап, ондағы теориялық білімдерді, теориялық модельдеу түрлерін түсініп зерттеді.

GRBS зерттеу үшін ғарыштык телескоптардан (Swift, Fermi, INTEGRAL)мәліметтер алуды, оны түрлі есептеу жолдарын іздестірді, CRANET web базасында GCN-арқылы құнделікті жаңартылған GRBS гамма рай жарқылдарының мәләметтерін реттеп салып отырды.