Біздің күшіміз – адал еңбек пен бірлікте.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылы да Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөзі сөйлеп, ел алдында тұрған негізгі мақсат міндеттерімізді, елдің даму жолының бағыт бағдарын айқындап берді. Ел басшысы өз сөзінде әлеуметтік, шаруашылық, идеологиялық және басқа да жоғарыда атап өткендей, басты салалардағы бағдарымызды айқындап, нақты шараларды қолға алуымыз керек екенін атап көрсетіп, бірқатар өзекті мәселелерге арнайы тоқталды. Президент ең алдымен, халықтың береке-бірлігін сақтау елдігіміз үшін аса маңызды мәселе екеніне назар аударды. Сондай ақ біз ынтымағы жарасқан, ортақ мақсатқа ұйысқан ұлт болғанда ғана ешқашан ұтылмайтынымыздың анық екенін атап өтті.
Ел басшысы еліміз болашаққа сеніммен қадам басу үшін төл тарихымыздың ауқымы кең екенін толық сезініп, мәдени мұрамызды сақтап, оны дәріптеуіміз қажет екенін жеткізді.
Біз біртұтас ұлт және халықаралық қауымдастықтың жауапты мүшесі ретінде ұлттық мүддемізді, егемендігіміз бен Тәуелсіздігімізді қорғауға әрдайым дайын болуымыз қажет екенін еліміздің әр азаматын саналы түрде түсінуге шақырды. Қазақстан – Ұлы даладағы көшпенділер өркениетінің тікелей мұрагері.
Қазір заман, яғни ХХІ ғасыр, жоғары технология мен жасанды интеллекті қарқынды дамыған заманы болғандықтан, өркениетке ілесу үшін жастарымыздың терең де, сапалы бәсекелестікке төтеп бере алатын біліммен сусындағаны абзал.
Біздің нақты құндылықтарымызды жаңғыртып, ілгері даму жолында тың серпіліс жасауымыз және көшбасшы елдер қатарына қосылуымыз осындай міндеттерді іске асыруды қажет етеді.
Баймуратова И. А. ф.ғ.к., шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы.
Басқа жаңалықтар

