ОткликFarabi University

Отклик

14 наурыз, 2025

Біз мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында көтерген өзекті мәселелерін жоғары бағалаймыз. Президент еліміздегі ауқымды саяси және экономикалық реформалардың нәтижелерін саралап, Қазақстанның дамуындағы Ұлттық құрылтай мүшелерінің маңызды рөлін ерекше атап өтті.
Әсіресе, салық реформасы бойынша қоғамдық пікірталастарға назар аударуы, тіл саясатына қатысты нақты міндеттерді айқындауы бізді ерекше қуантады. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бастамаларын қолдау, тарихи мұрамызды ЮНЕСКО-ның «Әлемдік мұра» тізіміне енгізу, ұлттық цифрлық архивті жасанды интеллект жүйелеріне кіріктіру мәселелері – қазақ тілінің, қазақ тіл білімінің дамуына тың серпін беретін бастамалар.
Сонымен қатар, ірі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға, Қазақстанды қуатты мемлекетке айналдыруға бағытталған Президенттің стратегиялық көзқарасы ел болашағына деген сенімді нығайтады.
А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасы Мемлекет басшысының бұл бастамаларын толық қолдай отырып, еліміздің рухани және ғылыми әлеуетін арттыру жолында өз үлесін қоса бермек.