Студенттердің жұмыс берушілермен кездесуі – жұмыс табудың алғашқы қадамы!Farabi University

Студенттердің жұмыс берушілермен кездесуі – жұмыс табудың алғашқы қадамы!

14 наурыз, 2025

Физика-техникалық факультеті Плазма физикасы, нанотехнологиялар және компьютерлік физика кафедрасы Шығыстану факультеті және Түріктану және Шығыс елдері тарихы кафедрасымен бірлесіп, «Электроэнергетика» білім беру бағдарламасының студенттерін Verti компаниясының өкілдерімен кездесуге шақырады.

Verti – TKE компаниясының ресми дистрибьюторы.

Бұл – мансаптық мүмкіндіктер туралы көбірек білуге, ірі компания өкіліне сұрақ қоюға және пайдалы кәсіби байланыстар орнатуға тамаша мүмкіндік!

Болашағыңызды бүгіннен бастаңыз!

 

 Спикер: Ясин ОҒУЖАН – Verti компаниясының Қазақстан мен Өзбекстандағы бас директоры

 Күні: 2025 жылғы 17 наурыз  Уақыты: 10:00

 Өтетін орны: Әл-Фараби даңғылы, 71/23, Физика-техникалық факультеті, 330-аудитория

 

                                                                            Түріктану және Шығыс елдері тарихы кафедрасы

                                                                                                                          Халел Агнұр

                                                                                                          Дулаева Эльнара Зильпикаровна