Амал мерекесіFarabi University

Амал мерекесі

15 наурыз, 2025

Кеше, 14 наурыз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті көрісу күнін ерекше ықыласпен атап өтті. Бұл күн – қазақ халқының дәстүрлерін құрметтеп, ұлықтайтын ерекше мереке. Құттықтаулар мен игі тілектер айтылып, студенттер арасында достық пен ынтымақтастық сезімі нығайтылды.

Сонымен қатар, осы күні жатақханада студенттерге ауызашар беріліп, олар рухани жағынан бірігіп, қасиетті Рамазан айының алғашқы күндерін бірге өткізді. Мұндай іс-шаралар студенттердің бір-біріне деген құрметін арттырып, университетте нағыз достық атмосферасын қалыптастырады.