Республикалық конкурсFarabi University

Республикалық конкурс

12 наурыз, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих факультеті арнаулы оқу орнына (медресе колледжіне) бағытталған оқу бағдарламасын дайындауға арналған республикалық конкурс ұйымдастырады.

Конкурстың жалпы жүлде қоры – 3 млн. тенге:

1-орынға – 1,5 млн.тенге;

2-орынға - 1 млн.тенге;

3-орынға – 500 мың тенге.

Конкурсқа жеке тұлға ретінде немесе ұжымдық топ ретінде қатысуға болады. Оған республика аумағындағы мектеп мұғалімдері, колледж бен жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, әдіскер-ұстаздар, педагогтар, ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметкерлері, білім беру орталықтары мен қорларының мамандары, заманауи білімді жетілдіруге мүдделі әрі оған қызығушылық танытатын тұлғалар қатыса алады.

Конкурсқа қатысу ережелерімен төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыздар

https://drive.google.com/drive/folders/1RG8B035kCRxo Xdq96VFuLjhUohEYDXUb?usp=drive_link