Алып анадан туадыFarabi University

Алып анадан туады

13 наурыз, 2025

2025 жылдың 13 наурызында «Анаға құрмет» музейінде грек-рим күресінің палуаны, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы  Жақсылық Үшкемпіровтың анасына арналған арнайы бұрыштың ашылу салтанаты өтті. Бұл шараның Тұрақты даму мақсаттарының 5 пунктіне сәйкес, яғни, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін арттыру мәселесімен үндестік табатыны ақиқат.


Бұл бұрыш – ел спортының жарқын жұлдызына айналған тұлғаның өмір жолы мен жетістіктерін дәріптеу, оның тәрбиесіне ықпал еткен асыл ананың өнегесін көрсету мақсатында ұйымдастырылып отыр. Іс-шара барысында Жақсылық Үшкемпіровтің анасы Күнтөре Өмірбайқызы мен әжесі Бәтиманың портреттері мен жәдігерлері музей қорына табысталды. Сондай-ақ, палуанның жеке заттары мен құнды марапаттары көпшілік назарына ұсынылды.


Бұл игі бастама – ел спортының биік белестерін бағындырған, қазақ рухын асқақтатқан біртуар палуанға және қазақ аналарына деген құрметтің көрінісі. Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының ұжымы да тағылымды шараға қатысып, рухани мұраны бірге ұлықтауға аксалысты.

Ш.Шортанбай, С.Дәрібайұлы, 
қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы 
кафедрасының оқытушылары