«Таза Қазақстан» акциясы аясында ҚазҰУ университет қалашығында жалпыуниверситеттік сенбілік өттіFarabi University

«Таза Қазақстан» акциясы аясында ҚазҰУ университет қалашығында жалпыуниверситеттік сенбілік өтті

15 наурыз, 2025

Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Осы орайда бүгінгі ұйымдастырылған сенбілік қала тынысының кеңеюіне үлесін қосуда. География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының тазалық жанашырлары аз уақыттың ішінде айналаны тазартып, универститет келбетінің келісті болуы үшін тер төкті.

Университет көлемінде жүргізіліп жатқан қызу тазалық жұмыстарына кафедрамыздың профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді. Соның ішінде,университеттің кіре беріс аймағын, Аль-Фараби  көшесі мен әлеуметтік нысандардың айналасын толық қамтыған тазалық жанашырлары қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.