ТДМ №4: Сапалы білім беру. Кафедра ЖИжәнеБДFarabi University

ТДМ №4: Сапалы білім беру. Кафедра ЖИжәнеБД

27 ақпан, 2025

27.02.2024 ж. Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының «Деректер туралы ғылым» білім беру бағдарламасының студенттері кураторымен бірге Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттің балалар мен жасөспірімдер театрына "Ақ кеме" қойылымын тамашалауға барды. Театрға бару студенттерге жаңа шабыт, ерекше эмоция, ұмытылмас сәттер сыйлағанына сенімдемін.

«Ақ кеме» қойылымы — тек әдеби туынды ғана емес, ол жастарды өмірдің қиындықтарына төтеп беруге, өз армандарын жүзеге асыруға және шынайы болуға шақыратын рухани тұғыр. Қойылым арқылы көрермендер адамгершілік құндылықтарды, өзінің ішкі әлемін тануды және табиғатпен үйлесімді өмір сүруді үйренеді.

Жалпы алғанда, «Ақ кеме» қойылымы қазақ театрында үлкен орын алады, оның көркемдік тұрғысынан жоғары сапасы мен философиялық тереңдігі жастардың ой-санасын жетілдіруге ықпал етеді.

Ұйымдастырушы: Аға Куратор-эдвайзер Шолпан Тлетайқызы.