ТДМ 7. Қымбат емес және таза энергия. ЖИжәнеBD

10.03.2025 ж. Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының аға кураторы Шолпан Тлетайқызы өзінің Деректер туралы ғылым мамандығының 24-01 курс «Таза энергияға көшу – болашақ ұрпаққа қалдыратын алтын қазына» атты тақырыпта студенттермен тәрбие сағатты өткізіліп, пікір алмастырылды.
«Таза энергияға көшу – болашақ ұрпаққа қалдыратын алтын қазына» атты тәрбие сағатының мақсаты – жастарды экологиялық мәселелерге, табиғатты қорғауға және жаңартылатын энергия көздерінің маңыздылығына назар аударуға шақыру. Тәрбие сағаты арқылы оқушыларға баламалы энергия көздерін пайдалану, көміртегі шығарындысын азайту, табиғи ресурстарды үнемдеу қажеттілігі туралы білім беріледі. Сондай-ақ, бұл шара оларды болашақ ұрпақтың игілігі үшін қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді. Осы тақырып арқылы жастарды экологиялық сананы дамытуға, таза энергияның болашағы мен оның адам өміріндегі маңыздылығын түсінуге ынталандыру көзделді.Студенттердің ойлары тыңдалып,пікір алмастық.
Ұйымдастырушы: Аға Куратор-эдвайзер Шолпан Тлетайқызы.
Басқа жаңалықтар

