Наурыз мерекесі: шығу тарихы, Наурыз көже, ұлттық салт-дәстүрлер мен ырым-нанымдарFarabi University

Наурыз мерекесі: шығу тарихы, Наурыз көже, ұлттық салт-дәстүрлер мен ырым-нанымдар

18 наурыз, 2025

Наурыз – түркі халықтарының ежелден тойлап келе жатқан Жаңа жылы, табиғаттың жаңаруын, жаңа бастамаларды, бірлік пен татулықты бейнелейтін мереке. Бұл күнді қазақ халқы ерекше мән бере тойлайды, өйткені Наурыз тек көктем мерекесі ғана емес, сонымен қатар ұлттық салт-дәстүрлер мен құндылықтарды жаңғыртуға мүмкіндік беретін маңызды мейрам.

17 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай жатақханада "Наурыз мерекесі және ұлттық салт-дәстүрлер" тақырыбында  кездесу өткізілді. Бұл шараны Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының доценттері Таныбаева А.К. және Керімқұлова А.Б. ұйымдастырды. Шара барысында студенттер Наурыздың тарихи маңызы, оның қазақ мәдениетіндегі орны, ұлттық тағамдар мен салт-дәстүрлер туралы мағлұмат алды. Кездесу барысында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, дәстүрлердің қазіргі қоғамдағы маңызын талқылады. Шара соңында студенттер бір-біріне ақ тілектерін айтып, мерекелік көңіл-күйде тарқасты.

Наурыз мерекесі – тек өткеннің мұрасы ғана емес, ол қазіргі заманғы қоғам үшін де өзектілігін жоғалтпаған маңызды мереке. Оны атап өту арқылы біз халқымыздың рухани байлығын сақтап, келер ұрпаққа жеткіземіз.