ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУДАҒЫ БІЛІМ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ
18.03.2025 ж. сағат 11.00-де әл Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті География және табиғатты пайдалану факультеті Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының доценті, т.ғ.к. Құтжан А.Н. Наурыз мерекелері құрметіне факультет студенттерімен бірлесіп, "Экология және тұрақты дамудағы білім, ғылым және ұлттық мәдениет" атты дөңгелек үстел өткізді. Жиынға кафедра меңгерушісі Базарбаева Т.А. мен кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы қатысып, студенттердің өнерін тамашалап ғана қоймай, олардың ой танымдық пікірлерімен өзара бөлісті.
Жиында ұлттық мәдени құндылықтар мен жаңа заманның біліми және ғылыми негіздерін арқау ете отырып, әңгіме қызықты өрби түсті. Дөңгелек үстелде С. Керімбайдың «Өзбекәлі және мәдени майдан» атты кітабы бойынша тарих тарланы Өзбекәлі Жәнібекұлының балалық шағы, білімі мен ғылымдағы, сондай-ақ еңбектегі даңғыл жолы туралы жарыса айтылып, кітап мазмұны бойынша түрлі сұрақтар мен тарихи негіздемелерге сәйкес, тұлғаның ұлттық ұстанымдары тілге тиек етілді.
Сөз соңында белсенді өнер көрсеткен студенттерге факультет деканы А.С. Ақтымбаеваның атынан алғыс хаттар табыс етілді.
Басқа жаңалықтар

