«Наурыз- жаңару мен жаңғырудың бастауы»

⚜ 14 – 23 наурыз аралығында өткізілетін Наурызнама онкүндігіне орай 19 наурыз «Жаңару күні» байланысты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ тыңдаушылары «Наурыз- жаңару мен жаңғырудың бастауы» атты іс-шара өткізді.
19 наурыз ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіретін Жаңару күні тойлануда. Ағаштардың жеміс бергені сияқты жаңа идеялар мен құндылықтар, алға қойған мақсаттардың жемісін беріп, өркендеуге жетелейтін Жаңару күні. Осы іс шара аясында бөлме гүлдерінің ыдыстарын ауыстырып, гүл отырғызу, аулаға ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: Тыңдаушыларға наурызнаманың онкүндігінің алтыншы күні «Өмірдің жаңаруын» бейнелейтін «Жаңару күні» аясында жаппай ағаш отырғызу мен бөлме гүлдерін күтіп баптауға, табиғат ананы құрметтеуге баулу.
Басқа жаңалықтар


