Ұлт саулығы экономикасыFarabi University

Ұлт саулығы экономикасы

19 наурыз, 2025

2025 жылдың 18 наурызында рекреациялық география және туризм кафедрасының профессоры, э.ғ.д. Спанкулова Лаззат Сейтказиевнаның Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Қазақстандағы Ұлт саулығы экономикасын (1920-2020) пәнаралық зерттеу: әлеуметтік ғылымдарда модельдеу мен сандық деректерді талдау» ғылыми академиялық кездесуі өтті. Аталған іс-шарада келесі мәселелер талқыланды:

  1. Ұлт саулығына әсер ететін әлеуметтік-экономикалық факторларды талдау;
  2. Әлеуметтік ғылымдарда модельдеу әдісін қолдану, пәнаралық зерттеулер;
  3. «Әлеуметтік ғылымдардағы Есептеу» (Computational Social Sciences), Big Data қалыптастыру және талдау.

Академиялық кездесу гибридті (offline/online) форматта өтті.