№4 жатақхана студенттеріне арналған ауызашар
.jpeg)
19.03.2025ж. Жаңару күніне орай География және табиғатты пайдалану факультеті география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы ұжымы №4 студенттер үйінде жатақхана студенттеріне арнап ауызашар ұйымдастырды.
Игі іс-шараның мақсаты — студенттер мен оқытушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, бірлік пен ынтымақтастықты арттыру. Сонымен қатар, бұл шара жастарды ұлттық дәстүрмен таныстыру, қасиетті Рамазан айының маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ діни және мәдени құндылықтарды сақтау мақсатында өткізілді.
Факультет деканы Актымбаева А.С. кафедра меңгерушісі Токбергенова А.А. және кафедраның оқытушы-профессорлық құрамы қатысып, студенттерге ізгі тілектерін білдіріп, олардың болашақта жоғары білім алу мен ғылыми жетістіктерге жету жолындағы еңбектеріне сәттілік тіледі. Мұндай шаралар жастардың ұлтаралық және діни төзімділігін арттырып, олардың санасында адамгершілік пен қайырымдылық құндылықтарын орнықтыруға бағытталған.
Басқа жаңалықтар

