"ТОЗҒАН ЛАНДШАФТТАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ: ТДМ 15 шеңберіндегі «ҚҰРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕЛЕРІН САҚТАУ» тақырыбындағы дөңгелек үстелFarabi University

"ТОЗҒАН ЛАНДШАФТТАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ: ТДМ 15 шеңберіндегі «ҚҰРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕЛЕРІН САҚТАУ» тақырыбындағы дөңгелек үстел

20 наурыз, 2025

19 наурыз 2025 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультетінде тозған ландшафттарды қалпына келтіру және құрлық экожүйелерін сақтау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шара Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) шеңберінде экологиялы ққалпына келтірудің негізгі аспектілерін, көгалдандырудың рөлін және экологиялық мәселелерді шешудің инновациялық тәсілдерін талқылауға студенттер, магистранттар және оқытушыларды біріктірді.

Қатысушылар: Биотехнология кафедрасының аға оқытушылары: Мухатаева Қ.А., Ұлтанбекова Г.Д, Мамытова Н. С. Биотехнология және Микробиология мамандығы 3-курс студенттері (орыс және ағылшын бөлімдері). Биотехнология мамандығының  1 курс  магистратнттары   (қазақ бөлімі).

Талқылаудың басты тақырыптары: Көгалдандыру – экожүйелерді қалпына келтіру құралы ретінде. Дөңгелек үстел қатысушылары қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсарту үшін көгалдандырудың маңыздылығын атап өтті. Африкадағы «Ұлы жасыл қабырға» және Қытайдағы «Жасыл қабырға» сияқты шөлейттенуге қарсы күрес пен деградацияланған жерлерді қалпына келтірудің табысты тәжірибесін көрсететін ірі халықаралық жобалар мысал ретінде қарастырылды.

Қазақстанның бастамаларына ерекше назар аударылды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың орман қорында 2 миллиард ағаш отырғызу және елдімекендерде 15 миллион ағаш отырғызу туралы тапсырмасы ерекше талқыланды. Бүгінгі таңда 975 миллион ағаш отырғызылып, алға қойылған мақсаттарға жету жолында айтарлықтай қадам жасалды.

Экожүйелерді қалпына келтірудегі микробиотаның рөлі. Студенттер мен магистранттар өсімдіктер мен микроорганизмдердің өзара әрекеттесуіне арналған зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Ризобактериялардың азотты бекітуге, фитогормондар синтезіне және өсімдіктерді патогендерден қорғауға ықпал ететіні атап өтілді. Сондай-ақ топырақты детоксикациялауға ықпал ететін Pseudomonas және Bacillus сияқты микроорганизмдер улы заттарды ыдырататын биодеградация процестері қарастырылды.

Көгалдандыруға инновациялық тәсілдер. Дөңгелек үстелге қатысушылар жасыл көшеттерді отырғызу және күтіп-баптау бойынша заманауи технологияларды зерттеді. Түркістан облысы мен Қазақстанның басқа аймақтарында қолдануға болатын отырғызу материалдарын тасымалдау, сақтау және отырғызудың тиімді әдістері ұсынылды.

ТДМ-ге қол жеткізудегі жастардың үлесі. Студенттер мен оқытушылар жастарды экологиялық жобаларға тартудың маңыздылығын атап өтті. Көгалдандыру бойынша еріктілер акцияларына қатысу, экологиялық сауаттылықты арттыру және экожүйелерді сақтаудың маңыздылығы туралы білімді тарату – бұл қоғамның тұрақты дамуына әр адамның қосатын үлесі.

Қорытынды: Дөңгелек үстел экожүйелерді қалпына келтіру саласындағы білім мен тәжірибе алмасуға арналған маңызды алаңға айналды. Қатысушылар табиғи ландшафттарды сақтау жәнеқалпына келтіру – бұл тек Мемлекеттің міндеті ғана емес, әрбір азаматтың жауапкершілігі деген қорытындыға келді. Жастар, болашақ көшбасшылар ретінде, экологиялық бастамаларды ілгерілетуде және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде басты рөл атқарады.

Бүгінгі күні денісау планетаға бірге қадам басайық – бүгінгі үлесіміз болашақ ұрпақтың өмір сүру сапасын анықтайды!