Алматыда ALMA-KIKA жобасы аясында Сиверс алма ағашының көшеттері отырғызыладыFarabi University

Алматыда ALMA-KIKA жобасы аясында Сиверс алма ағашының көшеттері отырғызылады

20 наурыз, 2025

2025 жылғы 26 наурыз

Іле-Алатау ұлттық паркі,

Бутаков шатқалы. Жиналу орны сағат 11:00-де экопосттың жанында.

Іс-шара Қазақстанның табиғатты қорғау аймақтарында Сиверс алма ағашын сақтау мен қалпына келтіруді насихаттауға бағытталған.

Акцияға экологтар, еріктілер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ барлық бей-жай қарамайтын азаматтар қатысады.

Сиверс алма ағашын отырғызу ерекше маңызға ие. Сиверс алма ағашы (Malus sieversii) алма ағаштарының барлық мәдени сорттарының ең көне атасы және Қазақстан экожүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Соңғы онжылдықтарда бұл түрдің популяциясы адамның экономикалық қызметіне, табиғи ресурстарды ұтымсыз пайдалануға, ормандарды кесуге және қалпына келтіру шараларының жеткіліксіздігіне байланысты азаю қаупіне ұшырады.

Барлық бей-жай қарамайтын тұрғындарды, мемлекеттік органдар, бизнес және БАҚ өкілдерін қатысуға шақырамыз.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары:

+7 777 505 6362

+7 705 620 8009

+7 701 683 0085