
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Наурыз айында өтетін мерекелерге арналған іс-шаралар жоспары аясында 18 наурыз күні «6В02305 Қазақ филологиясы» мамандығы 101 топ студенттері Ынтымақ күніне орай «Достық дастарқаны» тақырыбында ауызашар кешін ұйымдастырды. Іс-шараға студенттер ұлттық тағамдар дайындап келіп, қазақ халқының ұлттық тағамдарының ерекшелігіне тоқталып өтті. 18 наурыз Ұлттық киім күні болғандықтан студенттер ұлттық киіммен келіп, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеді. Топ куратор-эдвайзері Н.Ж. Егізбаева сөз алып, студенттерге ұлттық құндылықтарымызды, мәдениетімізді, тарихымызды құрметтеп, оның сақталуына, насихатталуына үлес қосу қажеттігін түсіндірді. Іс-шара студенттердің топ ішінде ауызбірлікте болып, өзара достық сезімін нығайтуға ықпал етті.
Басқа жаңалықтар

