«Мен денсаулықты таңдаймын. Ал сен ше?»Farabi University

«Мен денсаулықты таңдаймын. Ал сен ше?»

17 наурыз, 2025

Наурыз айының он жетісі күні «Қолданбалы қазақ тіл білімі» мамандығының 2 курс студенттері куратор‑эдвайзер Ә.С. Мусаевпен бірге «Мен денсаулықты таңдаймын. Ал сен ше?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелде салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі және зиянды әдеттерден аулақ болу мәселелері талқыланды. Студенттер өз ойларын ортаға салып, денсаулықты нығайтуға қатысты пікір алмасты. Дөңгел үстел барысында ютуб желісі арқылы мамандардың кеңестері тыңдалып, білім алушыларға пайдалы ақпараттар ұсынылды. Сондай-ақ, тақырыпқа байланысты сұрақ-жауап ұйымдастырылды.