
Наурыз мейрамы енді жаңа сипатқа ие болып, бағдарламасы байытылған түрде кеңінен аталып өтуде. Бұл жаңашылдықтың басты мақсаты – бұрынғыдан қалған мерекенің тек сыртқы рәсімдеріне ғана емес, оның түпкі мағынасын қайтару, салт-дәстүрлерді жаңғырту және ұлттық болмысымызды заманауи тұрғыда көрсетудің маңызы зор. Бұл шаралар Наурыздың тек ұлттық мереке емес, мәдени және рухани жаңғыру кезеңіне айналуына бағытталады. 19 наурызға «Жанару» атауы берілген. Бұл күн мерекенің жаңа мәнін көрсету мақсатында арнайы белгіленген. Наурыз мейрамы халықтың рухани жаңғыруымен қатар, қоғамдағы жаңа әлеуметтік және саяси өзгерістердің символына айналады.
Мейрамды ұйымдастыру барысында қоғамдық белсенділік, тазалық сақтау және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне ерекше мән беріледі. Мысалы, кафедрамызда өткізілген тазалық шарасы осының бір дәлелі. Кафедрада 400 кг макулатура жиналып, қайта өңдеуге жіберілді. Бұл қоршаған ортаны қорғау және қалдықтарды тиімді пайдалану бағытында үлкен қадам болып табылады. Осы шаралар мен өзгерістер Наурызды тек мереке ретінде емес, қоғам мен табиғатқа, болашаққа деген жауапкершілікті көрсететін кезең ретінде түсінуді қалыптастыруға бағытталған.
Канапиева Ф.М. – физикалық химия,
катализ және мұнайхимия кафедрасының доцент м.а.
Басқа жаңалықтар


