ГМО және адамзаттың болашағы: ғылыми прогресс vs этикаFarabi University

ГМО және адамзаттың болашағы: ғылыми прогресс vs этика

25 наурыз, 2025

 

Қазіргі таңда генетикалық модификацияланған организмдер (ГМО) әлемдік азық-түлік өндірісінде, медицинада және ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылып, көптеген ғылыми пікірталастардың басты тақырыбына айналды. Осыған орай, молекулалық биология және генетика кафедрасында «8D05104-Генетика» мамандығының 1-курс докторанты Тилвалдиева С. В. «Биотехнология» мамандығының 3-курс студенттерімен "ГМО және адамзаттың болашағы: ғылыми прогресс vs этика" тақырыбында дебаттық дискуссия өтті.

Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 12-ші мақсаты – "Жауапты тұтыну және өндіріс" аясында ұйымдастырылды. Дебат барысында қатысушылар келесі негізгі сұрақтарды талқылады: ГМО өнімдері экологиялық тұрақтылық пен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете ала ма? ГМО технологияларын реттеу және бақылау қаншалықты маңызды? Қоғамның ГМО туралы хабардар болуы және таңдау еркіндігі қалай қамтамасыз етілуі тиіс? ГМО-ның ұзақ мерзімді экологиялық және биологиялық әсерлері қандай болуы мүмкін?

Дискуссия барысында студенттер мен оқытушылар ГМО-ның жаһандық азық-түлік жүйесіне ықпалын, оның адам денсаулығына әсерін және этикалық мәселелерін жан-жақты талқылап, өзара пікір алмасты. Пікірталас екі жақты көзқарастарды ескере отырып, ғылым мен этика арасындағы нәзік тепе-теңдікті түсінуге мүмкіндік берді.
Іс-шара нәтижесінде қатысушылар ГМО-ның тиімділігі мен әлеуетті қауіп-қатерлері туралы тереңірек түсінік алды. Дебат барысында ортақ пікірге келу оңай болмағанымен, жауапты тұтыну мен өндірістің маңыздылығы, ақпараттың ашықтығы және қоғамның саналы таңдау жасауы қажеттілігі ерекше атап өтілді. Іс-шара студенттердің академиялық пікірталас дағдыларын дамытып, ғылыми прогресс пен этикалық шектеулер арасындағы тепе-теңдікті сыни тұрғыдан бағалауға мүмкіндік берді.