АҚПАРАТТЫҚ ХАТFarabi University

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

26 наурыз, 2025

Құрметті әріптестер!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультеті сіздерді «Еуразиялық одақ: шындық пен перспективалар. VII Ибрашев оқулары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.
Профессор Жарас Ұмарұлы Ибрашев – Қазақстанда «Халықаралық қатынастар» мамандығының негізін қалаушы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің іргесін қалаған көрнекті ғалым, французтану, еуропалық зерттеулер және еуразиялық интеграция мәселелері бойынша ғылыми мектептің негізін қалаушы.
Конференцияның мақсаты – Еуразиядағы интеграциялық үдерістердің ерекшеліктерін пәнаралық тұрғыдан зерттеу, олардың теориялық және қолданбалы аспектілерін талқылау, сондай-ақ әртүрлі аймақтардың халықаралық интеграциялық тәжірибесін зерделеу.
Конференция жұмысына шетелдік және қазақстандық зерттеушілер, академиялық және сарапшылық қауымдастық өкілдері, сондай-ақ практик-мамандар қатысады.
Өтетін күні мен уақыты: 2025 жылғы 28 наурыз, 10:00–14:00
Форматы: гибридті (офлайн/онлайн)
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
Өтетін орны: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Халықаралық қатынастар факультеті, 226-конференц-зал (Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 95А).
Ұйымдастырушылар:
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Еуразиялық зерттеулер ғылыми-зерттеу орталығы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультеті

Барлық қызығушылық танытқан оқытушыларды, докторанттар мен магистранттарды конференцияға қатысуға шақырамыз.