«Этникалық қауымдастықтардағы әйелдер азаматтық және этникалық бірегейлікті жаңғырту мен қалыптастыру арнасы ретінде (Түркістан облысы мен Шымкент қаласы мысалында)» атты зерттеуFarabi University

«Этникалық қауымдастықтардағы әйелдер азаматтық және этникалық бірегейлікті жаңғырту мен қалыптастыру арнасы ретінде (Түркістан облысы мен Шымкент қаласы мысалында)» атты зерттеу

27 ақпан, 2025

2025 жылдың 27 ақпанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасында ЕНУ Л.Н. Гумилев атындағы университетінің әлеуметтану кафедрасының доценті, PhD докторы, отбасы, гендер және демографиялық саясат саласындағы зерттеу ұйымдары консорциумының үйлестірушісі, ҚР Сенаты жанындағы аналитика мектебінің түлегі, ҒЖБН жобасының жетекшісі, Ұлттық ғылым академиясы жанындағы жас ғалымдар жұмыс тобының мүшесі Отар Элмира Сәкенқызының дәрісі өтті.

Элмира Сәкенқызы «Этникалық қауымдастықтардағы әйелдер азаматтық және этникалық бірегейлікті жаңғырту мен қалыптастыру арнасы ретінде (Түркістан облысы мен Шымкент қаласы мысалында)» атты зерттеу нәтижелерін таныстырды.

Дәрісте қарастырылған негізгі тақырыптар:

-Оңтүстік Қазақстандағы этникалық қауымдастықтар: тәжік, өзбек, түрік, күрд әйелдері және олардың дәстүрлері;

-Отбасындағы әйел рөлі: қыз-әйел-келін-ана-әже;

-Білім мен кәсіби таңдаудың этникалық қауымдастықтардағы әйелдер үшін маңызы;

-Көптеген әйелдердің ана тілімен қатар қазақ және орыс тілдерін білуі, кейбіреулерінің ағылшын, араб және түрік тілдерін меңгеруі;

-Балаларды тәрбиелеу және этникалық отбасыларда мәдени құндылықтарды беру;

-Азаматтық және этникалық бірегейлік: әйелдер өз қауымдастықтарының өміріне белсенді қатысып, дәстүрлерді сақтап, ұлттық мәдениетті дамытады.

Қызықты бақылаулар:

-Кейде әйелдер бүкіл өмірін бір көшеде өткізіп, сол көшеде тұратын ер адамға тұрмысқа шығады;

-Отбасы негізгі құндылық болып қала береді, ал мамандықтар көбінесе отбасын емдеп, оқыта алатындай етіп таңдалады (медицина, педагогика);

-Қала жағдайында әйелдер жеке көзқарастарға ие болғанымен, олар отбасы мүдделеріне қайшы келмейді. Әйелдер өз дамуы мен балаларын бұл процеске тартудың жолдарын табады;

-Әйелдер балалар тәрбиесінде белсенді рөл атқарады.

Элмира Сәкенқызына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерін дамытуға қосқан баға жетпес үлесі мен қызықты талқылауы үшін алғыс білдіреміз!

Дәріс Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру аясында, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының Гендерлік зерттеулер орталығының ұйымдастырумен өтті. Ұйымдастырғандар - әлеум.ғ.д., доцент Н.У.Шеденова, 1 курс докторанты А.К.Аубакирова.