«Ұлттық киім-мәдениетіміздің айнасы» атты дөңгелек үстел

2025 жылдың 18 наурызында филос.ғ.к., аға оқытушы Аликбаева М.Б. жетекшілігімен Дінтану және мәдениеттану кафедрасының, Мәдениеттану мамандығының 1 курс докторанты Жексенбаева М.А. Тұрақты даму мақсаттарының бірі – «Сапалы білім беру», «Тұрақты даму үшін серіктестік» бағыттары аясында «Qazaq stroy» құрылыс компаниясының ұжымы арасында «Ұлттық киім-мәдениетіміздің айнасы» атты дөңгелек үстел өткізді.
Қазақ мәдениетінің ұлттық киімдері, қазақ халқының көшпелі өмір салтына, табиғи климаттық жағдайларына және тарихи дәстүрлеріне байланысты қалыптасқан. Қазақтың ұлттық киімдері, оның ішінде шапан, камзол, көйлек, және бас киімдер, тек сәндік элементтер ғана емес, сонымен қатар функционалдық мақсаттарға да қызмет етеді
Дөңгелек үстел барысында ұлттық киімдеріміздің әртүрлілігі мен әсемдігі, оларды кию дәстүрлері мен рәсімдері, біздің мәдениетіміздің байлығын көрсететіндігі презентация арқылы көрсетілді. Сонымен қатар, ұлттық киімдерімізді сақтау және жаңғырту, жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау, мәдени мұрамызды құрметтеу мен дамыту үшін маңызды екендігі айтылды
Ұйымдастырушылар: Дінтану және мәдениеттану кафедрасы, аға оқытушы Аликбаева М.Б., 1-курс докторанты Жексенбаева М.А.
Басқа жаңалықтар

