«Маргиналдық салыстырмалы әдебиеттанудың мәселесі»Farabi University

«Маргиналдық салыстырмалы әдебиеттанудың мәселесі»

27 ақпан, 2025

2025 жылдың 27 ақпанында филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының докторы Болатова Гүлжан Жамбылқызының жетекшілігімен «Әдебиеттану» мамандығының 1 курс докторанты  Қайыңбай Дана Айдарқызы «Әдебиеттану» мамандығының 3 курс студенттеріне «Салыстырмалы әдебиеттану және фольклористика» пәні бойынша «Маргиналдық салыстырмалы әдебиеттанудың мәселесі» тақырыбында ашық семинар сабағын өткізді. Ашық семинар сабағы ТМД 4-бағыты – «Сапалы білім беру» аясында жүзеге асырылды. Сабақтың негізгі мақсаты – студенттердің маргиналдық әдебиетті, оның салыстырмалы әдебиеттанудағы орны мен маңызын терең түсінуіне ықпал ету, әдебиеттегі шеткері топтардың бейнесін талдау арқылы жаңа көзқарастар қалыптастыру. Ашық семинарда «ой қозғау», топтық жұмыс, сұрақ-жауап әдістері қолданылып, padlet онлайн тақтасында кері байланыс жүргізілді. Нәтижесінде студенттер маргиналдық әдебиеттің қалыптасу ерекшеліктерін, оның салыстырмалы әдебиеттану саласындағы рөлін және маңызын тереңірек түсінді әрі сабаққа өте белсенді қатысты. Бұл семинар студенттердің сыни ойлау дағдыларын дамытуға, әдеби мәтіндерді интерпретациялау қабілеттерін жетілдіруге және маргиналдық әдебиетке деген ғылыми көзқарастарын кеңейтуге ықпал етті.