«Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Байгалиева Нұргүл «Орталық Азияның үздік студенті»🏆атанды.Farabi University

«Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Байгалиева Нұргүл «Орталық Азияның үздік студенті»🏆атанды.

27 наурыз, 2025

3 - курс студенті, Байгалиева Нұргүл Жұмайбайқызы,«Орталық Азияның үздік студенті» халықаралық конкурстың жеңімпазы атанып, I дәрежелі дипломға ие болды. 15 наурызда Астана қаласында өткен «Орталық Азияның үздік студенті» форумы аясында салтанатты марапаттау шарасы өтті. Бұл маңызды шарада, best_student.kz командасы ұйымдастырған, бүкіл аймақтың үздік студенттері, ғалымдары және қоғам қайраткерлері жиналды.

Форум салтанатты атмосферасымен ерекшеленді және Орталық Азия жастарын дамытуда маңызды кезеңге айналды. Байгалиева Нұргүл жоғары білім деңгейін, белсенді азаматтық ұстанымын және ғылыми дамуға ұмтылысын көрсетті.

Нұргүлді лайықты жеңісімен құттықтап, оқу мен ғылыми қызметте одан әрі табыстар тілейміз!