Микроорганизмдердің табиғатта таралуы
2025 жылғы 27 наурызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 4-мақсаты – «Сапалы білім» және педагогикалық тәжірибе аясында «Микроорганизмдердің табиғатта таралуы» тақырыбында ашық семинар сабағы өтті. Іс-шара «8D05205 – Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару» мамандығының 1-курс докторанты Г.Б.Сарсенбаева, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының доценті Г.А. Мұқанованың жетекшілігімен жүзеге асырылды.
Ашық сабақ микроорганизмдердің экожүйедегі рөлі мен олардың таралу заңдылықтарын анықтауға, экологиялық факторлардың микроорганизмдерге әсерін талдауға, мекен ету ортасының ерекшеліктерін қарастыруға бағытталған.
Ашық семинар сабағы иммитациялық ойын және Quiz (сұрақ - жауап) форматында өтті. Сондай-ақ, экологиялық қауіпсіздік, микробтық қауымдастықтардың ластанумен күресудегі рөлі және тұрақты даму стратегиялары талқыланды.
Іс-шара тұрақты дамудың келесі мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталды:
ТДМ 6 – Таза су және санитария: Су ресурстарындағы микроорганизмдердің динамикасын бақылау
ТДМ 13 – Климаттың өзгеруімен күрес: Микробиологиялық процестердің көміртегі айналымына ықпалы
ТДМ 15 – Құрлық экожүйелерін қорғау: Топырақтағы микрофлораның тұрақтылығын сақтау
Басқа жаңалықтар

