- Басты бет
- Жаңалықтар
- 28 наурыз 2025 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіңің халықаралық қатынастар факультетінде «Еуразиялық Одақ: шындық пен перспективалар. VII Ибрашев оқулары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті, ол сонымен қатар халықаралық қатынастар факультетінің 30 жылдығына арналды.
28 наурыз 2025 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіңің халықаралық қатынастар факультетінде «Еуразиялық Одақ: шындық пен перспективалар. VII Ибрашев оқулары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті, ол сонымен қатар халықаралық қатынастар факультетінің 30 жылдығына арналды.

28 наурыз 2025 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіңің халықаралық қатынастар факультетінде «Еуразиялық Одақ: шындық пен перспективалар. VII Ибрашев оқулары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті, ол сонымен қатар халықаралық қатынастар факультетінің 30 жылдығына арналды.
Аталған іс-шара халықаралық қатынастар факультеті үшін маңызы мен мәртебесі ерекше. Профессор Жарас Ұмарұлы Ибрашев - Қазақстандағы "Халықаралық қатынастар" мамандығының негізін қалаушы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің іргесін қалаушы, көрнекті танымал ғалым, французтану, еуропалық зерттеулер және еуразиялық интеграция мәселелері бойынша ғылыми мектептің негізін қалаушы.
Халықаралық конференцияның мақсаты – Еуразиядағы интеграциялық үдерістердің ерекшеліктерін пәнаралық тұрғыдан зерттеу, олардың теориялық және қолданбалы аспектілерін талқылау, сондай-ақ әртүрлі аймақтардың халықаралық интеграциялық тәжірибесін зерделеу.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның жұмысына ЕАЭО елдерінің дипломатиялық және консулдық құрылымдарының өкілдері қатысты. Конференция Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армениядан келген жетекші сарапшыларды, дипломаттарды және ғалымдарды жинады. Іс-шара аясында еуразиялық интеграцияның өзекті мәселелері, геосаяси сын-қатерлер және ЕАЭО аясындағы экономикалық ынтымақтастық перспективалары қозғалды.
Сәлемдесу сөзімен сөз сөйледі: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультеті деканының орынбасары Беков Қайрат Бақбергенұлы, ҚР СІМ Алматы қаласындағы Өкілдігінің саяси ынтымақтастық басқармасының жетекшісі Аренова Алмаша Арыстановна және Еуразиялық зерттеулер ғылыми-зерттеу орталығының директоры Мовкебаева Г.А.
Пленарлық отырыстар барысында Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Богданов А.И. «2025 жылы Еуразиялық экономикалық одақ органдарындағы Беларусь Республикасының төрағалығының басымдықтары» тақырыбындағы баяндамасы оқылды, ол ЕАЭО дамуының өзекті үрдістерін талқылаудың негізі болды; Қазақ-Неміс университетінің Халықаралық және аймақтық ынтымақтастық зерттеу институтының директоры Сұлтанов Б.К. «Қазақстан Республикасының жаһандық турбуленттілік жағдайындағы саясаты» туралы, сондай-ақ Оңтүстік федералды университетінің (Ростов-на-Дону, Ресей) Әлеуметтану және аймақтану институтының Еуразиялық зерттеулер орталығының жетекшісі Хопёрская Л.Л. әлемдік тәртіптің жаңа стратегиялары туралы баяндама жасады.
Ерекше қызығушылық тудырған баяндамаларда Қырғызстанның ЕАЭО-дағы рөлі туралы (Жүсіп Абдрахманов атындағы Қырғыз Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры, Мемлекеттік саясат және басқару ғылыми-зерттеу кафедрасының меңгерушісі Торогельдиева Б.М., Бішкек), Еуразиялық интеграцияның перспективалары туралы (Ереван мемлекеттік университетінің Халықаралық қатынастар және дипломатия кафедрасының меңгерушісі Манукян Ж.С., Ереван), одақтас мемлекет туралы мәселелер (Беларусь стратегиялық зерттеулер институтының аналитигі Лазоркина О.И., Минск), ЕАЭО мүше мемлекеттерінің академиялық ғылыми-зерттеу институттары мен қоғамдық ұйымдарының ынтымақтастығы туралы (әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор, (Ресей Ғылым Академиясының Федералдық ғылыми-зерттеу социологиялық орталығы - ФНИСЦ РАН) Демографиялық зерттеулер институтының ЕАЭО бойынша әлеуметтік-демографиялық процестерді зерттеу бөлімінің бас ғылыми қызметкері Волкова О.А., Мәскеу, Ресей), сондай-ақ Қазақстанның интеграциялық үдерістерге қатысуы туралы («Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры А.Е. Чеботарев, Алматы) сөз болды.
Конференция жұмысының аясында Қазақстанның сыртқы саясатының еуразиялық векторына қатысты геосаяси өзгерістер мәселелері талқыланды (Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессоры Байзакова К.И., Алматы),
сондай-ақ Еуразиядағы геосаяси өзгерістер контекстіндегі өзекті сын-қатерлер мен тәуекелдер, қауіпсіздік, сауда-экономикалық ынтымақтастық, гуманитарлық блок мәселелер (Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессоры Мовкебаева Г.А.) және көші-қон процестері (Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының доценті Деловарова Л.Ф.), ЕАЭО аясындағы интеграцияның негізгі бағыттары (Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің (Астана) халықаралық қатынастар кафедрасының доценті), ЕАЭО-ның экономикалық жетістіктері (Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессоры Ауған М.А.) туралы мәселелер қарастырылды.
Конференция белсенді пікірталаспен аяқталды, оның барысында қатысушылар еуразиялық интеграцияның одан әрі қарайғы дамуы туралы пікір алмасты. Іс-шара қорытындысы бойынша негізгі тұжырымдар жасалып, тұрақты интеграциялық үдерістерді қалыптастырудағы ғылыми диалог пен мемлекетаралық ынтымақтастықтың маңызы атап өтілді.
Конференция нәтижесінде Еуразиялық интеграция мәселелері бойынша көпдеңгейлі ғылыми-сарапшылық диалогты одан әрі дамыту жөнінде ұсынымдар мен шешімдер қабылданды.
Конференция Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Еуразиялық зерттеулер ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастырылуымен өтті. Іс-шараны өткізуге жауаптылар: профессор Мовкебаева Галия Ахметвалиевна, Байкушикова Г.С., Деловарова Л.Ф.
Басқа жаңалықтар

