Денсаулықтың негізі – салауатты өмір салты

2025 жылдың 27 наурызында Геодезия және картография мамандығының бірінші курс студенттері «Денсаулықтың негізі – салауатты өмір салты» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Бұл шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының бірі – ТДМ 3 «Мықты денсаулық және әл-ауқат» бағыты аясында өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында денсаулықтың маңыздылығын насихаттау, салауатты өмір салтын ұстанудың артықшылықтарын талқылау және зиянды әдеттерден бас тарту қажеттілігі туралы ой бөлісу. Дөңгелек үстелге қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, денсаулықты сақтау жолдары, дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау, спортпен шұғылдану және зиянды әдеттерден аулақ болу мәселелерін жан-жақты қарастырды.
Шара барысында студенттер салауатты өмір салтын ұстанудың әртүрлі аспектілерін қарастырып, ғылыми зерттеулер мен статистикалық деректерге сүйене отырып, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, дұрыс тамақтанудың, ұйқының жеткілікті болуының және тұрақты физикалық белсенділіктің адамның денсаулығына тигізетін оң әсері туралы қызықты пікірталас өтті. Қатысушылар шара соңында салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдары бойынша ұсыныстар әзірлеп, бұл әдеттердің күнделікті өмірге енгізілуінің маңыздылығын атап өтті. Жалпы, дөңгелек үстел студенттердің денсаулық туралы білімін арттыруға, пайдалы дағдылар қалыптастыруға және өзара пікір алмасуға мүмкіндік берді.
FB: https://www.facebook.com/share/p/1B2cJW5B7w/?mibextid=wwXIfr
INST:https://www.instagram.com/p/DHwL0jFMUzn/?igsh=MXdyeGE1d3NvMnoybg
Басқа жаңалықтар

