Жеңіс Асқар ЖеңісұлыFarabi University
Референдум 15 марта

Жеңіс Асқар Жеңісұлы

31 наурыз, 2025

Шығыстану факультетінің түлегі Жеңіс Асқар Жеңісұлы
Қазақстанның Мысырдағы Елшісі

Жеңіс Асқарұлы 1974 жылы дүниеге келген. 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетін «шығыстану» мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын 1997 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде бастады. Әр жылдары «Қазakhoil», «Қазақтелеком», «ҚазТрансГаз» ұлттық компанияларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сыртқы саясат орталығында түрлі лауазымдарды атқарды. 2008-2012 жылдары Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулы, 2012-2014 жылдары Дубайдағы Бас консулы болды.

  • Қазақстан Республикасының Катар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі (09.2014-09.2020);

  • Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы (10.2020-08.2021);

  • Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Таяу, Орта Шығыс және Африка департаментінің директоры (2021-02.2024);

  • Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі (2024 жылғы ақпаннан 2025 жылғы 5 қаңтарға дейін);

  • 2025 жылғы 5 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Жеңіс Асқар Жеңісұлы Қазақстан Республикасының Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Басқа жаңалықтар