«Денсаулық сақтаудың заманауи мәселелері: әлеуметтік маңызы бар аурулар және олардың алдын алу» ғылыми конференциясыFarabi University

«Денсаулық сақтаудың заманауи мәселелері: әлеуметтік маңызы бар аурулар және олардың алдын алу» ғылыми конференциясы

17 наурыз, 2025

2025 жылдың 17 наурызында сағат 11.00-де Медицина және денсаулық сақтау факультетінің мәжіліс залында «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 1 курс докторанттарының ұйымдастыруымен «Денсаулық сақтаудың заманауи мәселелері: әлеуметтік маңызы бар аурулар және олардың алдын алу» тақырыбында ғылыми конференция өтті. Конференция Қазақстанның Тұрақты даму мақсаттары шеңберіндегі №3 «Мықты денсаулық және әл-ауқат» мақсатын жүзеге асыруға арналды. Іс-шарада қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар аурулардың таралуы, қауіп факторлары және алдын алу мәселелері қаралды. Конференцияның өзекті мәселелерінің бірі – ішектің қабыну ауруларын талқылау болды. А.С. Танабаева өз баяндамасында ішектің қабыну ауруларының эпидемиологиясына, қауіп факторларына және алдын алу стратегияларына ерекше назар аудара отырып, ішектің қабыну ауруы проблемасын елеулі қоғамдық ауру ретінде ашты. Ағымдағы статистикалық деректер ұсынылып, сырқаттанушылықты төмендету мен пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартудың заманауи тәсілдері талқыланды. Темекі шегудің келешек ұрпаққа зиянына ерекше назар аударылды. Ә.Б. Амандықов никотин мен темекі өнімдерінің ағзаға тигізетін әсері, темекі шегудің халық денсаулығына әсері және халық арасында осы жаман әдеттің таралуын азайтудың мүмкін болатын шаралары жан-жақты талданды. Аутизм спектрі бұзылған адамдарды ерте диагностикалау және қолдау туралы баяндама көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Өз сөзінде Б.С. Ибраимова АСБ туралы хабардарлықты арттырудың, скринингтік бағдарламаларды әзірлеудің және осы диагнозы бар балалар мен ересектерге арналған мамандандырылған көмекке қол жеткізудің маңыздылығы атап өтілді.

Онкологиялық аурулардың алдын алу тақырыбы да пікірталастардың өзегіне айналды. Б.М. Жақыпова сүт безі обырының алдын алу бойынша баяндама жасады. Негізгі қауіп факторлары, ерте анықтау әдістері және аурушаңдықты төмендетудегі өмір салтының рөлі қарастырылды. Скринингтік бағдарламаларды жүргізудің және әйелдерді жүйелі түрде тексерілу қажеттілігі туралы ақпараттандырудың маңыздылығы атап өтілді.                Конференцияның қорытынды сәті Қ.Т. Тәуекелов жол-көлік оқиғаларының алдын алу және зардап шеккендерге көмек көрсету туралы мәлімдеді. Баяндама барысында жол-көлік оқиғасы болған жерде медициналық көмекті ұйымдастырудың негізгі аспектілері, тұрғындардың медициналық сауаттылық деңгейін арттыру қажеттігі, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының алдын алу шаралары талқыланды. Конференция барысында аталған аурулардың алдын алудың заманауи әдістері, ерте диагностиканың маңыздылығы және медициналық көмек көрсетудегі пән аралық көзқарас талқыланды. Спикерлер соңғы зерттеулер мен статистикалық мәліметтерді, сондай-ақ ауруларды азайту және халықтың хабардарлығын арттыру стратегияларын ұсынды. Конференция медицина және денсаулық сақтау, биология және биотехнология, ақпараттық технологиялар факультеттерінің студенттері, магистранттары, докторанттары мен оқытушылары арасында үлкен қызығушылық тудырды. Қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, аурудың алдын алудың өзекті мәселелерін талқылап, тақырып бойынша өз ойларымен бөлісті. Барлық қатысушылар мен баяндамашыларға қызықты презентациялар мен жемісті пікірталас үшін алғыс айтамыз. Конференция білім алмасу және қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерін талқылау үшін маңызды алаңға айналды.