
2025 жылдың 18 наурызында органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының доценті А.К. Токтабаева «6В07201 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының 303-304 топ қазақ бөлімі студенттерімен бірге «18 наурыз – Ұлттық киім күні» мерекесіне орай университетке ұлттық киім киіп келді. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің көркем үлгілерін насихаттау және әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған құнды дүниелерді көрсету, қазақтың бағалы, көне ұлттық киімдеріндегі ою-өрнектерді сақтай отырып, заманға қарай ыңғайлы сан алуан әшекейлермен көмкерілген киімдерді күнделікті өмірде қолданысқа енгізу, ұлттық киімдер арқылы жастардың бойына патриоттық тәрбие беру мақсатында Наурыз мерекесіне орай кию үлкен әсер берді. Іс-шара сапалы білім беру саласындағы тұрақты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде (44.3.4 университет кешенінен тыс білім беру ақпараттық-түсіндіру жұмыстары) ұйымдастырылды.
Басқа жаңалықтар

9 мамыр, 2025

9 мамыр, 2025

8 мамыр, 2025