- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Әлеуметтік жауапты туризм: аймақтардың дамуына қосатын үлесі» тақырыбындағы мастер-класс
«Әлеуметтік жауапты туризм: аймақтардың дамуына қосатын үлесі» тақырыбындағы мастер-класс
2025 жылдың 3 сәуірінде жыл сайын өткізілетін «Фараби әлемі» ғылым апталығы аясында Рекреациялық география және туризм кафедрасы «Әлеуметтік жауапты туризм: аймақтардың дамуына қосқан үлесі» атты өзекті тақырыпта шеберлік сабағын сәтті өткізді. Шеберлік сабағының негізгі мақсаты – жас мамандардың назарын тұрақты және әлеуметтік жауапты туризм мәселелеріне аудару, бұл туризм түрінің аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартып, мәдени және табиғи мұраны сақтауға ықпал ету мүмкіндігін көрсету болды.
Рекреациялық география және туризм кафедрасының меңгерушісі, PhD Байбуриев Р.М. жауапты туризмнің жергілікті қоғамдастықтар үшін маңызы мен ықпалы туралы өзекті баяндамалар жасады, табысты тәжірибелермен бөлісті және жастарды белсенді туристік қызметке тартудың мүмкін жолдарын талқылады. Туристік бизнестің жергілікті қоғамдастықтармен өзара әрекеттесуі және аймақтардың әлеуетін әлеуметтік жауапты тәсілдер арқылы іске асыруға қабілетті мамандар даярлауда білім беру мекемелерінің рөлі ерекше назарға алынды.
Шеберлік сабағының қатысушылары пікірталастарға белсене қатысып, сұрақтар қойып, туризм индустриясының заманауи тенденциялары мен қиындықтары туралы өз ойларымен бөлісті. Іс-шара аясында практикалық сессия ұйымдастырылып, онда студенттер елдің әртүрлі аймақтары үшін әлеуметтік жауапты туризм жобаларын әзірлеп, таныстырды.
Бұл шеберлік сабағы туризм саласына әлеуметтік жауапкершілікті интеграциялаудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетіп, жас мамандардың туризмнің тұрақты дамуына деген қызығушылығын растады.
Басқа жаңалықтар

