- Басты бет
- Жаңалықтар
- «ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты: жаңа сын-қатерлер және оларды еңсеру стратегиялары» атты жыл сайынғы халықаралық дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
«ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты: жаңа сын-қатерлер және оларды еңсеру стратегиялары» атты жыл сайынғы халықаралық дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
.jpeg)
2025 жылғы 28 ақпанда 16-шы ТДМ «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» мақсаттарын іске асыру шеңберінде «Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасының студенттері заң ғылымдарының кандидаты, доцент Түсіпова А.Ж.-мен бірге Алматы Менеджмент Университетінің (AlmaU) Саясат және құқық мектебінде өткен «ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты: жаңа сын-қатерлер және оларды еңсеру стратегиялары» атты жыл сайынғы халықаралық дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Жыл сайынғы халықаралық дөңгелек үстел — сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мәселелерді анықтап, тәжірибе алмасуға және бірлескен шешімдер табуға бағытталған маңызды платформа. Оның негізгі мақсаты — сыбайлас жемқорлық көріністерінің мәнін тереңірек түсінуге және оларды болдырмау мен жоюдың тиімді тетіктерін әзірлеуге ықпал ету. Дөңгелек үстел жұмысына сондай-ақ ұлттық және шетелдік сарапшылар, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері, сот жүйесінің қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар, кәсіби және академиялық қауымдастықтар, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселесін зерттеп жүрген студенттер мен магистранттар қатысты. Қатысушылар заңнаманы, құқық қолдану тәжірибесін, халықаралық тәжірибені және сыбайлас жемқорлықпен күрестің институционалдық тетіктерін жетілдіру мәселелерін қарастырды.
Басқа жаңалықтар

