
2025 жылғы 18 наурызда Наурыз мерекесі аясында «Органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технологиясы» кафедрасының қайымдастырылған профессоры Б.М. Кудайбергенова, аға оқытушылары А.К. Умбетова, Н.С.Елібаева және Ю.А. Литвиненко «6В07201 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының 301 және 302 топтарының қазақ бөлімі студенттерімен бірге университетке ұлттық киім киіп келді. Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының бай мұрасын, оның ішінде ұлттық киімдердің көркем үлгілерін насихаттау, этнографиялық мұражайлар мен халықаралық көрмелерде ұсынылған құнды дүниелерді таныстыру. Сонымен қатар, көне ұлттық киім үлгілеріндегі ою-өрнектерді сақтай отырып, оларды заманауи сән элементтерімен үйлестіріп, күнделікті өмірде қолдану мәдениетін дамыту көзделді. Бұл бастама жастардың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрмет пен патриоттық сезімді қалыптастыруға ықпал етті. Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірі – сапалы білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған (4.3.3 – университет кешенінен тыс білім беру ақпараттық-түсіндіру жұмыстары) және университеттен тыс білім беру мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында ұйымдастырылды.
Басқа жаңалықтар


