«Printemps poétique» тақырыбында барша француз тілін меңгеріп жүрген

2025 жылдың 4 сәуірінде «Printemps poétique» тақырыбында барша француз тілін меңгеріп жүрген, әрі қызығушылық танытып жүрген студенттердің басын қосқан мәдени тәрбиелік-сағат өтті. Іс-шараны шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары Айтжанова Гульнара Досхожаевна мен Макатаева Шолпан Мұқағалиевна ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты — студенттердің француз поэзиясына, музыкасына және мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ тілдік дағдыларын шығармашылық арқылы дамыту болды. Сабақ барысында студенттер француз тілінде өлеңдер оқып, әндер шырқап, би биледі. Әрбір қойылым көктем тақырыбын шығармашылықпен бейнеледі.
Сабақ ерекше мерекелік әрі шабытты атмосферада өтті. Студенттердің белсенділігі мен таланты іс-шараны есте қаларлықтай етті.
Ұйымдастырушылар:
Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары:
Айтжанова Г. Д.,
Макатаева Ш. М.