Жасанды интеллект қарт адамдарда жүрек-қан тамырларының ерте қартаю қаупін анықтауға көмектеседіFarabi University

Жасанды интеллект қарт адамдарда жүрек-қан тамырларының ерте қартаю қаупін анықтауға көмектеседі

7 сәуір, 2025

Тұжырымдаманы халықаралық деңгейде мойындау: «…Қазақстандық әл-Фараби атындағы Ұлттық Университетінің ғалымдары жасап шығарған жасанды интеллектің (ЖИ) жаңа моделі туралы айтқым келеді. Бұл модель 60 жастан асқан адамдардың иммунологиялық және клиникалық көрсеткіштерін талдау арқылы жүрек-қан тамырлары жүйесінің қартаюын дәл болжай алады…».

“Жаңа AI үлгісі клиникалық маркерлерді талдай отырып, жүрек-тамырлар жүйесінің тезқартаю қауіпін анықтай алады.Ол симптомдар шығуына дейін қартаюды болжайды. Devdiscourse, Денсаулық және AI, 2024”
https://www.devdiscourse.com/article/health/3323846/new-ai-model-accurately-detects-early-cardiovascular-aging-risks

Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары «Жүрек-тамырларының ерте қартаюы» атты №AP19677754 МНВО РК ғылыми жобасын іскеасыру үшін келесі ғалымдардан тұратын зерттеу тобы: Сулейменова М., Абзалиева С.А., Мансурова М.Е., Курманова А.М., Токтакулинова Г., Бугибаева А., Сундетова Д., Абдыкасымова М., Сагалбаева У., Бетимирова Р. және жетекші ғалым д.м.н., MBA, доцент Абзалиев Куат Баяндыевич. Олар жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностикалауда жаңа әдіс қолданады, жасанды интеллект әдістерін пайдалану арқылы. Жобаның негізгі мақсаттарының бірі – 65 жастан асқан науқастардың жүрек-қан тамырлары жүйесінің ерте қартаюын болжауға арналған нейрожелі негізіндегі диагностикалық алгоритмді әзірлеу.

 

Модель қалай жұмыс істейді?

Біздің зерттеушілер тобы машиналық оқытуға негізделген модельді жасады. Ол көптеген клиникалық, иммунологиялық және мінез-құлықтық мәліметтерді талдайды.

 

Негізгі нәтижелер:

-Модельдің болжау дәлдігі өте жоғары – 91%-ға дейін.

-Клиникалық белгілер пайда болғанға дейін қауіптер туралы ескертеді.
-Электрондық медициналық жүйелер мен мобильді қосымшаларға орнатуға болады.

Қорытынды нәтижелер «A predictive model of cardiovascular aging by clinical and immunological markers using machine learning» атты мақалада жарияланды:
J.Diagnostics (Q1) ID: diagnostics-3486121. DOI: 10.3390/diagnostics15070850

Мамандардың пікірі: «...Мәліметтер жинағы аз болғанымен,  зерттеу жүрек-тамырлардың қартаюы туралы жасанды интеллект көмегімен  диагноз қоюды зерттеу үшін жақсы негіз қалайды. Бұл зерттеу ұзақ мерзімді зерттеулер мен топтарға дәлірек жіктеу жасаудың маңыздылығын көрсетеді. Авторлар сонымен қатар иммунологиялық, зат алмасу және мінез-құлық аспектілерін біріктіретін интегративті қартаю моделін жасауды ұсынады, бұл клиникалық шешімдерге көмектеседі...»
https://www.devdiscourse.com/article/health/3323846/new-ai-model-accurately-detects-early-cardiovascular-aging-risks