«Жасанды интеллект: артықшылықтары мен кемшіліктері»Farabi University

«Жасанды интеллект: артықшылықтары мен кемшіліктері»

11 ақпан, 2025

Мақсаты: ЖИ-дың  қоғамға әсерін жан-жақты талқылау

11.02.2025 күні кезекті кураторлық сабағымыз дебат ретінде ұйымдастырылды. «Жасанды интеллект: артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбындағы дебаттың мақсаты – жасанды интеллекттің қоғамға әсерін жан-жақты талқылау, оның пайдасы мен ықтимал қауіптерін саралау.  Дебат ресми түрде ашылып, жүргізуші Абилмажинова Дильназ ережелер мен тақырыпты таныстырды. Қатысушылар өз көзқарастарын сенімді түрде қорғап, логикалық дәлелдер келтірді. Пікірталас барысында тың ойлар айтылып, сындарлы талқылау жүргізілді. Жалпы, дебат жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар өз ойлау және сөйлеу шеберліктерін көрсетті!

КИ-24-1, 2 тобы, қазақ бөлімі

Куратор Максутова Б.А.