Кадр тапшылығын жоюға мән берілдіFarabi University

Кадр тапшылығын жоюға мән берілді

16 қыркүйек, 2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында еліміздің алдағы уақыттағы са­палық дамуын анықтаған тоғыз бір­дей басымдықты нақтылап бер­ді. Өздеріңізге мәлім, то­ғыз бағыттың ішіндегі бесінші ба­ғыт еліміздің кадрлық әле­уе­тін біртіндеп арттыруға арнал­ған. Экономиканы білікті ма­ман­­дармен қамтамасыз ету – аса өзекті міндет. Ең алдымен су, энергетика, құрылыс және басқа да салаларда қатты бай­қалып отырған кадр тап­шы­лығын жою қажеттігі жолдауда баса айтылды. Сондай-ақ ке­ле­шекте сұранысқа ие болатын кәсіптер үшін білікті мамандар даярлау керек. Бұл тұрғыда жо­ғары білім мен зерттеу уни­вер­ситеті ретінде әлемдік по­зи­циясын нық ұстаған Фараби университеті бүгінде заман сұранысына ие жаңа маман­дық­тарды ашуда көш бастаған іргелі оқу орны. Соның нақты мы­салы, университет қабыр­ға­сында криптология маман­ды­ғының ашылатыны туралы жа­ңалық еліміздің ғылыми қоғам­дастығына қозғау салған оқиғаның бірі болды. 
Президент биылғы жол­да­уын­­да: «Үздік универси­тет­тер­­­дің нақты сектормен бай­ла­­ны­сын нығайту керек. Ин­­­но­вациялық саясатты елі­міз­дің ғылыми-технологиялық басымдықтарымен үйлестіру қажет. Мұндай қадам әр са­ла­дағы инновацияға серпін бе­ре­ді. Сондай-ақ жоғары оқу орын­дарындағы қолданбалы ғы­лымның әлеуетін артты­ра­ды», – деген еді. Осы тұрғыда еліміздің инновациялық саяса­тын­дағы тарихи жаңалық деп айтуға лайық оқиғаның бірі Фараби университетінде әлем­дік технология ғаламаты – суперкомпьютердің орна­ты­луын университетіміздің ға­лым­­дар қауымдастығы зор қуа­­нышпен қабылдағанын бай­қаймыз. 
Мемлекет басшысының ба­ла­лар қауіпсіздігіне баса назар аударғаны өте құптарлық жайт. Қазірде интернет әлеуметтік желіде бақылаусыз немесе мақ­сатты түрде деструктивті ақ­параттың түрлі ағымын та­ра­ту­дың алаңына айналып оты­р­­­ға­ны жасырын емес. Сон­­дық­тан журналистика фа­куль­­тетінің оқытушыларына ар­тылар жауапкершілік жүгі ора­сан. Журналистика факуль­те­тінің базасында жүзеге асып жат­қан 27 білім беру бағ­дар­ламасы бүгінде еліміздің ақ­па­раттық кеңістігінде ізгі құн­ды­лық­тарды дәріптейтін білім бағ­дарламалары деп айтуға то­лық негіз бар. 
Мемлекет басшысы Астана­да жасанды интеллектінің ұлт­тық орталығы құрылатыны ту­ра­лы жаңалықты сүйіншілеп жет­кізді. Білім және ғылым са­ла­сында да жасанды интел­лек­тінің бүгінде жаппай ен­гі­зіліп жатқаны белгілі. Фараби университетінің ақпараттық тех­нология факультетінде бұ­дан бірнеше жыл бұрын Жасан­ды интеллект кафедрасының ашылуы да осы саланы тың­ғы­лықты зерттеп, мұқият зер­де­леуге мүмкіндік туғызды. Біз де осы тарапта бұл бағыттағы жұ­мысты толық зерделеп, жур­на­листика факультетінде келе­шек­те журналис­тика­дағы жа­сан­ды интеллект білім беру бағдарламасын ашуды көздеп отырмыз.

Қанат ӘУЕСБАЙ,
журналистика факультетінің деканы