Жастары білімді елдің тұғыры мықтыFarabi University

Жастары білімді елдің тұғыры мықты

8 сәуір, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универси­те­тінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев оқу ордасының оқытушы-профессорлар құрамы және студент жастар­мен кездесу өткізіп, ҚР Президентінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық опти­мизм» атты жолдауын талқылады.
ЖОО басшысы жүз­­десуде әділетті Қазақстанды құрудағы жастардың рөліне тоқ­­талып, Мемлекет басшысының баста­ма­сы­мен елімізде орын алып жатқан елеулі өз­герістерге назар аударды.
«Әділетті Қазақстан­ды болашақ ұрпаққа аманат ету – баршамыз­ға ортақ міндет» тақы­ры­бындағы шараға факультет декандары, ардагер оқытушылар, профессорлар, жас ғалымдар және білім алушы жастар жиналды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қо­ғам­дық оптимизм» атты жол­да­уы ел экономикасын жақ­сар­ту­ға, халықтың әл-ауқатын кө­­теруге, жастардың тұлғалық белсенділігін арттыруға негіз­дел­ген ауқымды жоспарларды қам­тыды. Ғылым және жоғары білім­ді дамыту, үздік универ­си­теттердің нақты сектормен байланысын нығайту мәсе­ле­лері ортаға салынды. Инно­ва­циялық саясатты еліміздің ғылыми-технологиялық ба­сым­дықтарымен үйлестіру, жо­ғары оқу орындарындағы қол­данбалы ғылымның әлеуе­тін арттыру қарастырылды.

Сондай-ақ ұлттық мүдденің мызғымастығы, ұлт өмірінің са­пасын арттыру, қауіпсіздік пен заң үстемдігін қамтамасыз етуге де айрықша маңыз бе­ріл­ді. Бұл тапсырмалардың де­ні университет өмірінде іске асы­рылып жатыр, алдағы уа­қытта да жүйелі жалғастыратын бо­ламыз.

«Біз заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қо­ғам құруымыз керек. Аза­мат­тары, әсіресе жастары мә­дениетті, жаңашыл әрі жа­сам­паз ұлттың ұпайы түгел. Сон­дықтан біз өркениетті ел болуға кедергі жасайтын жа­ғым­сыз әдеттерден ары­луы­мыз керек», – деді Президент. Қарапайым тілмен жеткізілген қағида, сондықтан жастарға ұғынықты деп ойлаймын.

Бірінші курс студенттеріне айтарым, сіздер мегаполиске жан-жақтан келдіңіздер. Үлкен қаладан, өркениеттер орта­сы­нан бойларыңызға тек жақсы қа­сиеттерді сіңіріп, терең бі­лім, ақыл-ой жинақтауға тиіс­сіз­дер. Президент тағы да бы­лай дейді: «Біздің ұзақ мер­­зімге арналған даму жолы­мыз ай­қын. Биік мақ­сат­та­ры­мыз бар. Оған жету үшін, ең алдымен, ел бірлігін сақтай білуіміз керек. Бір-бірімізге қолдау білдіріп, құрмет көрсетуіміз қажет». Бұл да біздің жастарымыздың қо­лы­нан келетін дүние, қиын еш­теңе сұрап тұрған жоқ. Сол сияқ­ты ел бірлігін, өзара тату­лық­ты сақтау басты қағидаға айналуы керек. «Бірлік болмай, тірлік болмас» дейді халық да­на­лығы.

Бұл бекерден-бекер айтыл­ған сөз емес. Президент бұған дейін де бірнеше мәрте айтты. «Тәуелсіздік – ең қасиетті, қас­терлі құндылығымыз, ең басты байлығымыз». Осы баға жетпес құндылығымыздың қадірін бі­ліп, қуатты Қазақстанды да­мы­ту – жастардың қолында. Мем­ле­кет басшысы бәрімізді бір ел болып, әділетті және дамыған Қазақстанды бірге құруға ша­қы­рып отыр.

«Әр адамға және баршаға бір­дей мүмкіндік беретін мем­лекетті, яғни әділетті Қа­зақ­стан­ды болашақ ұрпаққа ама­нат ету – баршамызға ортақ міндет» деп атап өтті.

Біз бүгінгідей жайлы өмірге оп-оңай жеткен жоқпыз. Әр ке­­зең­нің, әр заманның өз қиын­шылығы болады. Қазір жан-жа­ғымызда қандай бей-берекетсіздік, соғыстар болып жатыр, оны да көріп отыр­сыз­дар. Біртұтас, кезінде тату-тәт­ті өмір сүрген мемлекеттер Ке­ңес Одағы ыдырағаннан ке­йін қандай күйге түсті? Тәжік­стан­дағы азамат соғысы, Қап ел­деріндегі кикілжіңдер, Ар­мения мен бауырлас Әзір­бай­жан арасындағы текетірес, Ре­сей мен Украина арасындағы ауыр ахуал. Осындай жағ­дай­да, Президентіміз айтқандай, біз ел мен жерді қорғай аламыз ба, қорғауға дайынбыз ба? Өздеріңіз білесіздер, біздің шекарамыз жеті жарым мың шақырымға созылып жатыр. Тәуелсіздігімізді, егемен­дігі­міз­ді қорғап қалу үшін біз қан­дай болуға тиіспіз? Ол үшін қор­ғанысы мықты, қару-жа­ра­ғы күшті, білімі мен өрке­ниеті бә­секеге қауқарлы ел болға­ны­мыз абзал. Мемлекет бас­шы­сы осы саясатты ұста­нып отыр. Ортақ мақсатқа же­ту үшін оқытушы-про­фес­сор­­­­ла­ры­мыз табанды еңбек етіп, студенттеріміз үлгілі шә­­кірт атанады деп кәміл се­немін.

Құрметті жастар, биыл біз­дің университетіміздің құрыл­ға­нына 90 жыл толды. Он жыл­дан кейін бір ғасырлық тарихқа қол жеткіземіз. Еліміздегі ең алғаш құрылған оқу ордала­ры­ның бірі. Абай атындағы пе­да­гогикалық университет 1928 жылы құрылса, біздің уни­вер­ситетіміз 1934 жылы іргетасын қа­лады. 1934 жылы 15 қаң­тар­да алғаш 54 студент қабыл­да­нып, олар екі факультетте, атап айтқанда физика-математика және биология факультет­те­рін­де білім алды. Қазір 16 фа­культетте 26 мыңнан астам студент бар. Бұл университетте кезінде Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан, Зей­нолла Қабдолов сынды қа­зақтың көрнекті тұлғалары дә­ріс оқығанын мақтанышпен ай­та­мыз. Қазіргі ҚазҰУ қала­шы­ғының бой көтеруіне халқы­мыз­дың қайраткер тұлғасы Дін­мұхамед Қонаев басшылық жасады. Сондай-ақ профессор Асқар Закарин, академик Өмір­бек Жолдасбековтің ең­бе­гі зор. Әбіш Кекілбаев, Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молда­ға­лиев, Олжас Сүлейменов, Әзіл­хан Нұршайықов, Кемел То­қаев, Сағат Әшімбаев, Мыр­затай Жолдасбековтер өзде­ріңіз сияқты студент болған.

Ел тәуелсіздігін алған ал­ғаш­қы жылдары мемлекеттік қызметке ҚазҰУ түлектері мен оқытушылары жаппай шақы­рыл­ды. Олардың барлығы жан аямай еңбек етіп, жоғары лауа­зымды қызметтер атқарды. Атап айтсақ, ҚР премьер-ми­нис­трлері: Иманғали Тасма­ғам­бетов, Бақытжан Сағын­таев, Әлихан Смайылов. Жо­­ғарғы сот төрағалары: Жа­қып Асанов, Қайрат Мәми, Мұ­сабек Әлімбеков. Елші-дипло­мат­тар: Қанат Саудабаев, Қай­рат Әбусейітов, Мұхтар Тілеуберді, Дәурен Абаев. Пре­зидент кеңесшілері: Бауыржан Омаров, Мәлік Отарбаев. ҚР Парламенті Сенатының төра­ғасы Мәулен Әшімбаев, ҚР Пар­ламенті Сенатының депу­та­ты Нұртөре Жүсіп, ҚР Пар­ламенті Мәжілісінің депу­тат­тары: Қазыбек Иса, Жанарбек Әшімжан, Айдос Сарым және басқалар. Танымал бизнес­мен­дер және қайраткер түлек­тер: Нұрлан Смағұлов, Берік Қаниев, Арманжан Байтасов, Марғұлан Сейсенбаев, Сал­та­нат Байқошқарова және т.б. біздің түлектеріміз.

Мемлекет басшысы жолда­уын­да алдыңғы қатарлы алты шетелдік жоғары оқу орнының ашылғанын атап өтті. Соның екеуі біздің универси­теті­міз­де ашылды. Атап айтқанда Мәс­­кеу ұлттық ядролық зерт­теу уни­­вер­ситеті және Сол­түстік-ба­тыс политехникалық уни­вер­­­си­теті. Бұған дейін Ыстам­бұл қа­­ласында, Бішкек қа­ла­сында Пре­зидент қаты­суы­мен ҚазҰУ филиалы ашыл­ған болатын. Алдағы уа­қытта Ф.М.Дос­тоев­ский атын­дағы Омбы мемлекеттік уни­вер­си­те­тінде ҚазҰУ филиалын іске қосу жоспарланып отыр.

Биыл оқу орнымыз QS WUR халықаралық рейтингінде өз көрсеткішін 67 позицияға жақ­сартты. Әлемдегі Топ-200 уни­вер­­ситет қатарына кіріп, 163-орынға табан тіреді. Ал Times Higher Education University Impact Rankings – 2024 халықаралық рейтингінде Топ 401-600 орынға ие болды. Бі­лім ордасы бірден 400 пози­ция­ға алға жылжып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. QS Asia University Rankings халық­ара­лық рейтингінде 29-орынға ие болды.

Бүгінгі таңда білім ордасы ғы­­лыми зерттеу университеті мәртебесіне сәйкес, универ­си­теттік ғылымды кешенді да­мытуға күш салып жатыр.

Биыл бірқатар зертханалар оқытушылар мен студенттер игілігіне берілді. Географ-ға­лым­дарымыз ұтып алған 3,8 млрд теңгенің мегагранты ая­сында факультетте «Тұрақты даму және табиғатты ұтымды пайдалану» ғылыми орталығы ашылды. Орнықты даму мақ­сат­тарын іске асыратын 10 инно­вациялық зертхана Ұлт­тық даму жоспарының негізгі көрсеткіштерін толықтай қам­та­масыз етуге бағытталған. «Қашықтан зондтау техноло­гия­сы және қолдану» қазақ-қытай бірлескен зертханасы іске қосылды. Жаңа орталық Орталық Азия өңіріндегі кли­мат­тың өзгеруінен болатын су тапшылығы, құрғақшылық, жер­дің құнарсыздануы, аймақ­тағы су тасқыны, жер сілкінісі сияқты табиғи қауіп-қатер­лер­ге мониторинг жүргізеді. Хи­мия және химиялық технология факультетінде ашылған за­ма­науи «Farabi Chem Science» тоғыз ғылыми зертхана клас­те­рі тұсауын кесті. Мұнда мұ­най­химия саласында терең­де­тіл­ген зерттеулер жүргізіледі.

Отандық медициналық-био­ло­гиялық құралдар мен бак­те­рия­ға қарсы қорғаныш жабын­да­рын алудың оңтайлы әдістері әзірленеді. «Chemical Coating innovations» (Гальваника) ғы­лы­ми-өндірістік орталығының галь­ваникалық қаптамалары ма­шина жасау өндірісін да­мы­туға септігін тигізеді. Ғылым қыз­меткерлері кү­нін­де «Фараби» заманауи обсер­ва­­то­рия­сы пайдалануға бе­рілді. Мұн­да ғарыш әлеміне қы­зы­ғу­шылар деректерді өң­деу, жинау және тарату, қа­шық­тан басқару, фо­то­ме­тр­лерді қолдану, ірі те­лес­коп­тармен жұмыс істеу әдіс­те­рін үйренеді. Қытайдың Сол­­түс­тік-батыс поли­техника­лық уни­вер­­си­тетінің филиалы аумағында «5G/5.5G коммуникациялық тех­­нологиялар» зертханасы құ­­рылды. Оның ашылу сал­та­на­тына Қытай Халық Респуб­ли­касы мемлекеттік кеңесі премье­рінің орынбасары Лю Гочжун қатысты.

Орталықта телекомму­ни­ка­­циялық байланыс жүйе­ле­рінің ма­мандарын даярлау, жаңа тех­­нологияларды мең­геріп, ин­­тер­нет жылдамдығын жетіл­діру, 6G желісін енгізу жұ­мыс­тары атқарылады. Қазір «Farabi HUB» инновациялық орта­лы­ғының құрылысы аяқ­тал­­ды.

Шанхай ынтымақтастық ұйы­мы мемлекет басшылары кеңесінің отырысы аясында екі келісімге қол жеткізген бо­ла­тын­быз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Ха­лық Республикасының Төраға­сы Си Цзиньпиннің кездесуі ая­сында суперкомпьютер ор­нату бойынша ресми құжатқа қол қойылды. Бұл ғылыми зертхана жасанды интеллект технологияларын қолдану ар­қылы ғалым-сарапшыларға де­ректердің үлкен көлемімен жұмыс істеуге мүмкіндік бе­ре­ді. Екінші келісім 2025 жылдан бас­тап ҚазҰУ ғарышқа нано­спут­ник ұшырады.

Қытайдың Солтүстік-батыс политехникалық универ­сите­ті­мен микроспутниктік ғылыми зерттеу жобаларын жүзеге асыру жоспарланды.

ҚазҰУ-дың Инновациялық технологиялар паркі өндірістік робототехника және робот­тан­дыру бойынша инженерлік ком­петенция орталығын ашу­ды қарастыруда.

Ал халықаралық байланыс – оқу орнының маңызды стра­те­гиялық бағыттарының бірі.

ҚазҰУ Батыс және Шығыс Еуропа, Солтүстік Америка, Азия және Тынық мұхиты айма­ғын­дағы 650-ден астам жоғары оқу орындарымен және ұйым­дарымен тығыз қарым-қа­тынаста. Білім ордасында 120 мамандық бойынша Еуропа, АҚШ, Оңтүстік-Шығыс Азия, Ресей университеттерімен қос диплом бағдарламасы жүзеге асырылады. Студенттеріміз Еу­ропаның жоғары оқу орын­дарымен қатар, Түркия, Ресей, Оң­түстік Корея, Жапония, Қы­тай, тағы да басқа елдердің уни­верситеттерінде білімін же­тіл­­діру үстінде.

Кейінгі жылдары универ­си­тет­ке АҚШ, Жапония, Гер­ма­ния, Ресей, Франция, Ұлы­бри­та­ния, Қытай, Түркия, Ни­­дер­ланды, Бельгия, Қыр­ғыз­стан, Словакия елдерінен 250-ге жуық шетелдік студент келіп, білім алды.

Жалпы, ҚазҰУ-да әлемнің 54 елінен 3928 шетелдік сту­дент білім алуда. Жақында Па­риж қаласында өткен жазғы олимпиада ойындарына бар­ша­мыз куә болдық. Сол ха­лық­аралық жарыста біздің тү­лек­теріміз және 12 спортшымыз сынға түсті. Елдос Сметов ал­тын­нан алқа тақса, Ғұсман Қыр­ғызбаев, Нариман Құр­­бан­ов күміс медальға ие бол­ды. Ақтық сынға шыққан Әбиба Әбужақынова, Арина Ал­тухо­ва­лар – біздің студентіміз.

 Жаз айының басында 1986 жылы салынған 3000 орындық стадион күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Жаңа стадион Орталық Азия­дағы Топ-1 талабына сәйкес келеді, халықаралық стандарт­тар­ға сай. Бос уақыттарыңызды босқа жібермей, спортпен ай­на­лысыңыздар.

ҚазҰУ қалашығында сту­дент­терге жасалған қолайлы жағдайлар жеткілікті. Осыған дейін оқу корпустарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жа­тақ­ха­налар жаңартылды. Асхана, кофеханалар желісі, баспа және көшірме орталығы ашыл­ды. Қазіргі сәтте ҚазҰУ құры­лы­сының екінші кезеңі жүруде.

Құрылыс жұмысына Мем­лекет басшысы үлкен қолдау көр­сетіп отыр. Жоспарлы құ­ры­лыс аясында Ө.Жолдас­беков атындағы Студенттер сарайында күрделі жөндеу жүргізілуде. Бұған қосымша, оқу корпустары мен жатақха­на­ның құрылысы басталды.

Алдағы айларда универ­си­те­тіміздің 90 жылдық мерей­то­йын атап өтпекпіз. Қазір ме­рей­­­тойға қызу дайындық үс­тін­­­деміз. Бірнеше халық­ара­лық шаралар, саммиттер жос­парланып отыр. Бұл жыл біздің ұжым үшін табысқа толы бо­ла­ды деген ойдамын.

Құрметті білім алушылар, біз сіздердің білікті маман бо­лып шығуларыңыз үшін қолдан келген бар жағдайды жасай­мыз. Білім алған универ­ситет­теріңіздің патриоты бо­лың­ыз­дар. Сонда сіздер еліміздің де патриоты боласыздар!

Гүлзат

НҰРМОЛДАҚЫЗЫ