Білім беру жүйесінде QS рейтингінің маңызыFarabi University

Білім беру жүйесінде QS рейтингінің маңызы

9 сәуір, 2025

Қазіргі таңда білім беру жүйесі мен сапа­сы әлемдік даму үрдістерінде маңызды орын алады. Осы орайда, QS (Quacquarelli Symonds) рейтингі әлемдік білім беру мен әлеуметтік-экономикалық және экология­лық жағдайларға әсер ететін факторлар ре­тінде қарастырылады.

 

QS рейтингінің бас­ты мақсаты – жоғары бі­лім беру саласындағы үз­дік университеттерді анықтау және олардың дүниежүзілік білім бе­ру жүйесіндегі орнын көр­сету. Сондай-ақ QS рей­­тингі әлемдегі ең бе­дел­ді уни­вер­си­тет­терді ба­ғалау жүйесі болғандықтан, уни­вер­­си­теттердің сапа­сын түр­­лі критерийлер бо­йын­ша анықтайды. Әсі­ресе академиялық бе­дел, жұмыс бе­­ру­­ші­лердің пікірі, оқы­ту­­шы­лар мен сту­дент­тер са­ны ара­сындағы қа­тынас, халықаралық студенттер мен оқы­ту­шы­лардың үлесі, зерт­теу жұмыстарының са­па­сы мен басқа да көр­сеткіштер екенін бі­леміз. QS рейтингі уни­верситеттердің ха­лық­аралық бәсекеге қабілеттілігін арт­ты­ру­ға, студенттердің білім алу мүмкіндіктерін ке­ңей­туге әрі ғылыми зерт­теулердің сапасын жақсартуға бағыт­тал­ған. Білім беру сая­са­тын қалыптастыруда атал­ған рейтинг ма­ңыз­ды рөл атқарады. Өйт­кені ол оқу орын­да­рының дамуына зор ықпал етеді.

Жалпы, QS рейтингі білім беру жүйесінің са­пасын арттыру және ға­ламдық тұрақтылықты қамтамасыз етуде үл­кен маңызға ие. Уни­вер­ситеттер мен жо­ға­ры оқу орындары тұ­рақ­ты даму мақсаттарын іске асыру жолында көш­бас­шы болып қана қой­май, өздерінің білім беру бағдарламаларын жаңартып, әлеуметтік жауапкершілікті арт­ты­ра­ды. Басты мәселелер мен теңсіздіктерге қар­сы күресуде белсенді жұ­мыс істейді. QS рей­тингінің әлеуметтік тең­дік мәселесіндегі басты критерийлерін атау қа­жет болса, алдымен уни­верситеттердің ха­лық­аралық студент­тер­ге мүмкіндік беруін ай­тар едік. Бұл көптеген ел­дерден студент­тер­дің келуіне және білім алуына жағдай жа­сай­ды. Осылайша уни­вер­ситеттер тұрақты даму мақсаттарының теңдік және инклю­зив­тілік мақ­саттарына қол жет­кізуге үлес қоса алады. Ал экологиялық тұ­рақ­тылықты қам­та­ма­сыз ету бойынша QS рей­тин­гінде уни­вер­си­тет­­тер­дің экологиялық жа­уап­кершілігі мен тұ­­рақты даму прин­цип­тері де ескеріледі. Бұл университеттердің эко­логияны сақтауға және экологиялық таза тех­нологияларды енгізуге ын­талы екенін аңғар­та­ды. Жергілікті қоғамға қызмет көрсету ая­сын­да білім беру мен әлеу­мет­тік қызмет көрсету саласының ықпалын атап өтуге болады. Уни­вер­ситеттер жергілікті қоғамдастықтармен ын­тымақтасып, олар үшін білім мен даму мүм­кіндіктерін ұсынуға мін­детті деп білеміз.

Қорыта келе, QS рей­тингі әлемдік білім беру мен әлеуметтік да­му үшін маңызды құ­рал болып табылатыны анық. Университеттер өз кезегінде тұрақты да­му мақсаттарын жү­зе­ге асыру үшін білім бе­ру сапасын арт­ты­рып, әлеуметтік жауап­кер­шілік пен эколо­­гия­лық тұрақтылықты қа­м­­титын бастама­лар­ға қолдау көрсетуі ке­рек. Бұл білім беру жүйе­­сінің тек ұлттық тұрғыда ғана емес, әлем­дік деңгейде да­муына оң ықпал етеді.

Гүлзат ЗИЯТБЕКОВА,

ақпараттық технологиялар факультеті доцентінің м.а., PhD

Зухра ӘБДИАХМЕТОВА,

 қауымдастырылған профессор, PhD