«Green Campus» жобасы аясындағы сенбілік.

2025 жылдың көктемінде «Green Campus» жобасы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Тұрақты даму мақсаттарының 11-мақсатына (Қалалар мен елді мекендерді ашық, қауіпсіз, өміршең және тұрақты ету) сәйкес университетімізде сенбілік өткізілді. Шараның басты мақсаты – оқу орнымыздың аумағын тазалау, көркейту, сондай-ақ студенттер арасында экологиялық сана мен жауапкершілікті арттыру болды.
Сенбілікке География және табиғатты пайдалану факультетінің Табиғи техногендік қауіп-қатерлер мамандығының 3-курс студенттері белсенді атсалысты. Олар оқу ғимаратының айналасындағы аумақты тазалап, жапырақтар мен қоқыстарды жинап, ауланы сыпырып, өз үлестерін қосты. Сонымен қатар, қалдықтарды сұрыптап, экологиялық тәртіпті сақтауға ерекше мән берді.
Шара барысында түсірілген фотосуреттерде студенттердің бірігіп еңбек етіп жатқаны, даланы сыпырып, тазалыққа үлес қосып жатқаны көрініс тапты. Бұл олардың табиғатқа деген жанашырлығын, ұжымдық рухын және тұрақты даму қағидаттарына бейілділігін көрсетеді.
Басқа жаңалықтар

